
Бүгін Жетісу облысында өтіп жатқан елімізге маңызды күні біздің «Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінң Жетісу облыстық филиалы мамандарының жұмысы 7-00 де басталды.
Партиялық емес байқау орталығы өңірдегі барлық сайлау учаскелерін қамтыған. Учаскелік пункттерде жұмыс істеп жатқан мамандардың тәжірибесі бар екеніне кепілдік беремін. Барлығы өздеріне жүктелген міндетке асқан жауапкершілікпен қарайды. Байқауымызша дауыс беру учаскелерінде қауіпсіздік шаралары да жан-жақты ескерілген. Бұл дауыс беру процесінің қалыпты жағдайда өтуіне септеседі.
Орталық пен байқаушылар азаматтық қоғамның белсенді бөлігі ретінде әділ дауыс беру үшін жауапкершіліктің үлесін сезіне отырып, сайлаудың заңдылығын, адалдығы мен ашықтығын қадағалауда. Сайлау кезінде байқаушылар мен үйлестірушілер өзара әрекеттесу алгоритміне сәйкес өзара әрекеттеседі.