
Дана халқымыз ықылым заманнан-ақ, «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген. Берекені көздеген ел — мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Сондықтан болса керек, мызғымас болашағы бар мемлекетіміз 23 жылдан бері ынтымақ, ауызбіршілік күнін айрықша арқа-жарқа, жұмыла атап өтеді. Қуантарлығы — бір атаның баласындай, татулығын ту еткен жерлестеріміз мамыр айының алғашқы күнінде әдеттегідей аудан орталығындағы аудандық Мәдениет үйінің алаңына жиналып, мерекенің мерейін асырды. Бұл күні сіркірей жауған жаңбыр жерлестеріміздің көңіл-күйін түсірген жоқ. Тиісінше, мұны кездейсоқ емес, Алланың нұры, талай еңбек ерлерін тәрбиелеген Жер-Анамыздың диқандарына танытқан ықыласы деп қабылдады олар.
Татулық пен бейбітшілікті басты орынға қойып, бақытты бағалай білген ағайын, жүздері бал-бұл жайнаған жұртшылық қазақ халқына деген ризашылығын білдіріп, мәре-сәре құттықтап жатты. Алғыстарын айтып, ақ тілектерін жолдады. Сахна төріне де әдеттегідей бір-бірлеп емес, бұл жолы жұмыла көтеріліп, өнерлерін ұсынды. «Береке бастауы — бірлік, ел іші — тату тірлік» қағидасымен қанаттанған қауым мерекелік шарада әртүрлі ұлттың өкілдері халқымызда киелі саналған қасиетті шаңырақты көкке көтеріп «Бір шаңырақ астында» тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан ауданымыздың бүгінгі тіршілігінен сыр шерткендей әсер қалдырды. Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы шараға жиналғандарды бірлік күнімен құттықтады: «Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн бізді бір шаңыраққа біріктіретін, бірлікке, ынтымаққа шақыратын күн деп есептеймін. 28 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» тақырыбында өткен 26-сессияда Президент Ассамблея тәжірибе жүзінде бейбітшілік пен келісімнің қорғаушысына айналғанын, бүгінде әлеуметтік интеграция факторын қоса отырып, ішкі бірлікті нығайта түсу керектігін атап өтті. «Жаһандық әлемде ел ішінде біртұтас бірлігін сақтап тұрғандар қуатты мемлекет екені жасырын емес. Олардың барлығы бірыңғай теңдікке сүйене отырып, жаңғыруда. Біз де осы жолға түстік. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының, сонымен бірге «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының мәні мен мағынасы осында жатыр. Әлеуметтік бірлік саясаты біртұтас шоғырландырылған бірыңғай ұлттың маңызды қадамы», - деді Елбасы. Сонымен қатар, Президент «Бес әлеуметтік бастаманың» қағидатты тұстарына тоқталды. Біз де өз кезегімізде осы айтылған жобаларды ауданымызда іске асыруды одан әрі жалғастыратын боламыз. Еңбегіміздің өркендеп, дамуы ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт- береке тілеймін. Береке, бірлік, ынтымағымыз жарассын! Бір тудың астында, бір мақсатты көздеген аудан халқының достығы жасасын! Қазақ елінің даңқы арта берсін»,- деді.
Қазақ қашаннан да бауырмал халық. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген басқа ағайындардың бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қазақ жері көпұлтты мемлекетке айналды. Бүгінде ауданымызда орыс, кәріс, ұйғыр, шешен, әзірбайжан, татар сияқты тағы басқа ұлт пен ұлыс өкілдері ауызбірлік пен ынтымақ, бейбітшілік пен өзара келісімді сақтап келеді. Ассамблея атынан сөз алған аудандық мәслихат депутаты, кәріс этно-мәдени орталығының жетекшісі Инна Кан ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген өзге этнос өкілдерінің еңбектерін айтып, бірқатарын атап өтті: «Единство, мир и согласие народа всегда являлись основой благополучия и процветания Казахстана. Живя вместе, мы делаем друг друга духовно богаче и мудрее. Наш народ может по праву гордиться уникальной политикой мира и согласия, способностью к дружелюбному соседству, стремлением к стабильности и спокойствию», - сказал Нурсултан Абишевич Назарбаев.
Наша страна, не разделяя никого по национальному признаку, уважая и почитая язык, обычаи каждой нации и народности, всему мировому сообществу демонстрирует настоящий пример дружбы и единства. Это можно наблюдать на примере нашего района, где много лет дружно живут и трудятся казахи, чеченцы, русские, азербайджанцы, татары, уйгуры, корейцы и другие. Яркие представители каждого народа вносят свой вклад в развитие района. Ежегодно радует нас хорошим урожаем сахарной свеклы Шахгусен Аббасович Гусенов, мы видим как растут дома, построенные ТОО «Строитель», руководителем которого является Александр Александрович Бузыкин, в канун новогодних праздников нашим детям дарят подарки Идигова Зура Батыковна. Я являюсь представителем корейского народа. Родилась и выросла в нашем районе и станцию Коксу считаю своей Родиной. Своим трудом хочу показать, что я тоже часть единого целого, часть общества, часть народа, часть истории Казахстана.
Мы гордимся миром и сплоченностью, которые у нас есть. Долг каждого из нас - внести свой вклад в дело сохранения единства, укрепления межрелигиозного согласия и мира. В стране созданы все необходимые условия для развития этнической самобытности, культуры, языка, традиций. Большая роль в реализации политики общественного согласия отводится Ассамблее народа Казахстана. Модель национальной политики, реализуемая Президентом страны, Нурсултаном Назарбаевым, является примером для всего мирового сообщества.
Сіздерге еңбек жолында шығармашылық табыстар мен мақсаттарыңыздың орындалуын тілеймін. Мереке құтты болсын!»,- деген жылы лебізін білдірді.
Шарада сондай-ақ, облыстық Сүйінбай атындағы филармония әншілері және аудан өнерпаздары өнер көрсетіп, көпшілікке әсем әуен сыйлады. Мерекелік сахна жанынан сауда-саттық ұйымдастырылып, тұрғындар қуанышты көңіл-күйде тойлап жатты.
Меруерт РАХМИШОВА.