
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев кезектен тыс Президент сайлауында дауыс берді. Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан № 974 сайлау учаскесіне жұбайы Әсия Ғабдиманқызымен бірге келіп, таңдауларын жасады.
- Бүгін еліміз үшін аса маңызды саяси оқиға. Мен осы сайлауда Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердім, бұл менің - конституциялық құқығым. Еліміздің болашағына сенемін, - деді Б.Исабаев.
Жалпы бүгін, 20 қарашада Жетісу облысындағы барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмыс істеуде.