ӘЛЕУМЕТ

Жаркенттік 100 жастағы қария алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 718 Печать страницы
Жаркенттік 100 жастағы қария алғашқылардың бірі болып дауыс берді.


Жетісу облысы Жаркент қаласында алғашқылардың бірі болып, қала тұрғыны, 100 жастағы қария Зейнелхан Оспанова дауыс берді,  деп хабарлайды BAQ.KZ.
12 құрсақ көтерген «Алтын алқа» иегері саналы ғұмырында барлық саяси науқанға белсенді қатысқанын айтады. 
Жаңа Қазақстанды құрамыз дегенді естіп жатырмыз. Оны үкімет қана емес біз бәріміз құруымыз керек. Ешкім тыс қалмай өз дауысын берсе, атсалысқаны сол болады. Еліміз тыныш, бала-шағамыз аман болып, Қазақстанымыз көркейе берсін, - деді кейуана. 
Таңғы сағат 7-ден өткенде алғашқылардың бірі болып дауыс берген қарияға №739 сайлау учаскесі дәстүр бойынша естелік сыйлық табыстап, құрмет көрсетті.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.