ӘЛЕУМЕТ

Алакөлдіктер сайлауда тегін қоғамдық көлікпен қамтылған

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 709 Печать страницы
Алакөлдіктер сайлауда тегін қоғамдық көлікпен қамтылған

Алакөл ауданында сайлаушылардың белсенділіктері өте жоғары болуына байланысты ауылдар арасында қоғамдық көлік қызметі сайлаушы азаматтарды тегін тасу ниеттерін білдірді.


Бұл қадам қызметшілерінің саяси сауаттылығын көрсетеді. Аталған қызмет түрі Алакөл ауданының Әлемді, Бұдыр елді мекендерінен Көлбай ауылындағы сайлау учаскесіне, Жамбыл елді мекенінен Қабанбай ауылындағы №76 сайлау учаскесіне, Қаратұма ауылынан Бұлақты ауылындағы №62 сайлау учаскесіне, Достық ауылының 7-8,10 шағын аудандарынан № 1049 сайлау учаскесіне және Үшарал қаласының МТФ – 3 елді мекені, 20-60 пәтерлі тұрғын үйлерден тағы да басқа учаскелерге қатынайтын тұрғындарды тасымалдайды.

Айта кетсек, Алакөл ауданында 24 ауылдық округ, 56 елді мекен бар. Онда халықтың саны 73 мыңға жуық болса, сайлаушыларды саны 44696 адамды құрайды. Алакөл ауданында 54 сайлау учаскесі бар. Оның 5-уі жабық.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.