ӘЛЕУМЕТ

Көксу ауданының ең қарт тұрғыны сайлауда дауыс берді

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 719 Печать страницы
Көксу ауданының ең қарт тұрғыны сайлауда дауыс берді

Злиха Тамшыбай ауылының тұрғыны Тесебаева Мануар Батыршақызы сайлау науқанында дауыс беріп, белсенділік танытты.
Мануар апа  1924 жылы туған. Қазір 98 жаста. 10 сынып бітірген соң, 1940 жылы Қарағанды қаласында әскери военкоматқа шақыртылып, 8 ай қару-жарақты қолдануды, алғашқы медициналық санитарлық курсты үйренген. Соғыс жылдарында жер астында моторист-бурильщик болып еңбек еткен.
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін елге оралып, жолдасы Доспай Тесебаевпен қызылша егіп, «Еңбекші» колхозында еңбек еткен.
Жасы ұлғайған сайлаушыға арнайы комиссия өкілдері  тұрғылықты жеріне қажетті  бюллетень мен шыны жәшікті алып барды.
«Ғасырға жуық жасаған жасыма қарамастан денсаулығым жақсы. Елдегі тыныштық пен бірлік, бақуатты тұрмыс жайы үшін өз таңдауымды жасадым»,-деді Мануар апа.
Өмір бойы ауыр жұмыста еңбек еткен әжеміздің 9 баласы, 28 немересі, 25 шөбересі бар.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.