
Көптен бері ойымда жүрген бір мәселенің ҚР Президентінің аузымен айтылуы мені қуантты. Ол бізге ең алдымен заң үстемдігі қажет деді, иә, заң сақталса, азаматтық жауапкершілік жоғары болса, қоғамдық тәртіп болады. Тәртіп бар жерде бірлік бар, бірлік бар жерде тірлік бар, тірлік бар жерде ел дамиды.