ӘЛЕУМЕТ

ЖЕТІСУДА КӨКПАРШЫЛАР СӘЙГҮЛІКТЕРІМЕН КЕЛІП ДАУЫС БЕРДІ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 33 Печать страницы
ЖЕТІСУДА КӨКПАРШЫЛАР СӘЙГҮЛІКТЕРІМЕН КЕЛІП ДАУЫС БЕРДІ

Қаратал ауданы, Жаңаталап ауылының көкпаршылары атпен №147 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Өз таңдауын жасауға ат ауыздығымен алысқан 20-дан астам көкпаршы келді. Көкпаршы Қайрат Тоғысбаев:
«Жылқы десе елеңдемейтін қазақ жоқ. Біз көкпаршылар атынан жастарға үлгі болсын деп сайлауға ерекше, дәстүрлі түрде жылқымен келдік. Еліміз үшін аса маңызды саяси науқанда әр адамның дауысы маңызды», - деп сайлауға қатысушыларға ұлттық рух сыйлады.   
Аттың құлағында ойнайтын азаматтар жұртшылықты дауыс беруге шақырды.
«Жаңаталап ауылындағы сайлау учаскесінде 1000-ға жуық дауыс беруші бар. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі өз таңдауын жасады. Барлығы әділ өтіп жатыр, ешқандай тәртіпбұзушылық болған жоқ», - дейді сайлау учаскесінің төрағасы Шолпан Арпабаева.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.