Халық даналығында «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан жаңа» деген ұлағатты сөз бар. Сөз астарынан, жарты ғасырда қоғам жаңарып, жаңа сипатта өмір сапасының жақсаратыны қоғамның даму заңдылығы екенін аңғартады. Бүгінде сан ғасырлық бабалар арманы болған Тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемен ел болғанымызға 32 жыл толды. Осы жылдарда жеткен жетістіктеріміз бен бағындырған биіктеріміз бір төбе болса, жинақталып қалған бір кем дүниені жаңартуда қаңтардың қаралы оқиғасы қоғамға зор думпумен сілікініс туғызды. Нәтижесінде «Жаңа Қазақстан» ұғымы өмірге келді. Мемлекет басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа Қазақстан» стратегиясын іске асырудың күрделі де ауқымды алғы шарттарын небәрі 1 жылдың ішінде өте табысты іске асырды.
Ең алдымен Ата Заң «Конституцияға» бүкіл халықтың дауыс беру арқылы толықтырулар мен өзгерістер енгізді. Кезектен тыс Президенттік сайлау өткізіп, көп кешіктірмей барлық деңгейдегі Мәслихат сайлауын өткізіп, қоғам жаңаруға бағыт алды.
Мұндай аса маңызды саяси оқиғаларға біздің Көксу аудан халқыда зор ұйымдастырушылықпен белсенділік танытты.
Осы орайда аудан халқымен ауданымызда жаңадан сайланған депутаттар және аудан мәслихатының аппараты туралы таныстырғанды жөн деп білемін.
Мәслихат депутаты – жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi. Мәслихаттың депутаттық корпусы биліктің барлық деңгейлерінде сайлаушылардың еркін білдіретін – бірлігі жарасқан, жергілікті мемлекеттік басқару органына тұрғындар сайлаған өкіл: Мәслихат депутаты тұрғындармен байланыс жасап тұрады. Депутат ауданның әлеуметтік- экономикалық даму бағдарламаларының, жергілікті бюджеттің тиімді орындалуы және мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді. Мәслихат шешімдерінің орындалуын бақылау мен ұйымдастыруға қатысып, жергіліктік жерлерде орын алып отырған өзекті мәселелерді қолдан келгенше депутаттық сауалдар жолдау арқылы шешілуіне ықпал етеді.
Мәслихат төрағасы – мәслихат құрылымында төрағаның атқаратын рөлі зор. Ол мәслихаттың ағымдағы барлық жұмыстарын ұйымдастырады және іске асырады. Лауазымды тұлға – тұрақты негізде жұмыс істейді. Мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi, мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi. Ең бастысы билік пен халықтың ортасын жалғайтын дәнекер.
Мәслихат аппараты – мәслихат функциясын жүзеге асыру үшін шағын аппарат құрылады, оның құрылымы мен сандық құрамы орындалатын жұмыстың деңгейіне, сипатына, көлеміне байланысты. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Көксу ауданы мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Мәслихат аппараты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалды — техникалық және басқа да мәслихаттың органдарын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асырады. Мәслихат аппараты жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Қазіргі таңда жаңа құраммен жасақталған аудан мәслихаты өз жұмысын бастап кетті. Мәслихаттың депутаттары:
- Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы-мәслихат төрағасы.
- Досымбеков Әлдибек Рғайбекұлы – аудан әкімінің кеңесшісі.
- Абдрахманов Мақсат Мұхаметкәрімұлы – «Жалайыр» ШҚ төрағасы.
- Жүнүсов Қуат Әлдибекұлы – «Көксу-Жылу» КММ директоры.
- Айманбекова Айгүл Жетпісбайқызы – Көксу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.
- Байғабулов Нұрлан Сейлханұлы – Көксу аудандық балалар мен жас өспірімдер спорт мектебінің директоры.
- Алпысбаев Қалибек Демегенұлы – «Кең дала» ШҚ төрағасы.
- Гаджиев Курбан Гадживалиевич – «Гаджиев» жеке кәсіпкерліктің басшысы.
- Жексенбинова Гүлден Ақанқызы - Бесқайнар орта мектебінің директоры.
- Байжұманов Ғалым Казбекұлы - «Қараш» ШҚ төрағасы.
- Мамыр Мұхит Сатымбайұлы - «Аламан» ШҚ төрағасы.
- Асылбекова Гүлжанат Акболатқызы –Ж.Егінбаев атындағы орта мектебінің директоры.
Көксу ауданы мәслихатының аппараты ММ-нің құрамы: Қожабергенов Айдар Қожабекұлы –аппарат басшысы. Бас мамандар: Керімбекова Әсия Әлімқұлқызы, Қабидолданова Мақпал Аянқызы, Мұсанов Айдар Айтбайұлы, Төлеген Алпамыс Ғазизұлы.
Аталған Мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құрады.VIII-ші шақырылған Көксу ауданы мәслихатының 3 тұрақты комиссиясы құрылып, комиссия құрамы бекітіліп, төмендегідей қызмет атқарады:
1. Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақы комиссиясы.
Комиссия төрағасы –Досымбеков Әлдибек Рғайбекұлы.
Комиссия мүшелері – Байжұманов Ғалым Қазбекұлы, Жүнүсов Қуат Әлдибекұлы, Гаджиев Курбан Гадживалиевич.
2. Заңдылық пен құқықтық тәртіп, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, марапаттау және депутаттардың өкілеттілігі жөніндегі тұрақы комиссиясы.
Комиссия төрағасы - Алпысбаев Қалибек Демегенұлы.
Комиссия мүшелері-Айманбекова Айгүл Жетпісбайқызы, Абдрахманов Мақсат Мұқаметкәрімұлы.
3. Білім, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар ісі жөніндегі комиссиясы.
Комиссия төрайымы- Жексенбинова Гүлден Ақанқызы.
Комиссия мүшелері- Байғабұлов Нұрлан Сейлханұлы, Асылбекова Гүлжанат Ақболатқызы, Мамыр Мұхит Сатымбайұлы.
Аталған тұрақты комиссиялар бекітілген жұмыс жоспарына сай жұмыстар атқаруда.
Осылай жаңа құраммен жасақталған аудан мәслихаты жұмыс қарқыны қәзіргі таңда жаман емес. Әкімдікпен тізе қоса бірлесіп атқарып жатқан тірліктерінен бөлек, бас партияның ел алдындағы сайлау алды бағдарламасының орындалуы барысында да жариялы жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы қорытып айтқанда аудан мәслихатының депутаттық корпусының ең басты ұстанымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» құру ұстанымының негізгі тірегі болған күшті Президент – ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет қалыптастыру бойынша жұмыстардың жүзеге асуына ат салысу.
Нәтижесінде «Әділетті мемлекет, біртұтас Ұлт берекелі қоғам» атты 5 бағдарлар орнатты:
- Жаңа эканомикалық саясат;
- Нақты секторды дамыту;
- Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция;
- Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту;
- Заң және тәртіп;
Осы ұлы мақсатты іске асыру жолында аудан мәслихаты халықпен тығыз байланыс орнатып, жақсы жетістіктерге жететінімзге сеніміз зор. Біз халықпен біргеміз.