ӘЛЕУМЕТ

ОТБАСЫМ - МЕНІҢ БАЙЛЫҒЫМ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 13.09.2023
Оқылды: 91 Печать страницы
ОТБАСЫМ - МЕНІҢ БАЙЛЫҒЫМ

Отбасы — сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» демекші Көксу аудандық "AMANAT" партиясы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Отбасы күні» мерекесіне орай «Отбасым менің байлығым» атты шара өткізді.
Партия консультанттары Көксу аудандық мәслихатының депутаты,жас отбасы атанған Байгабулов Нұрлан Сейілханұлыны мерекемен құттықтады.Көксу ауданының орталық ауруханасының мейіргерімен бірге медициналық кеңес беріп,балалардың денсаулығын тексерді.«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген,  мақтан етер ұрпағымыз көбейсын. Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақтың әр отбасының керегесім кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.