
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2005 жылдан бастап әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрлі жағдайы басталған кезде жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде енгізілді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржы ресурстары жұмыс берушілер жұмыскерлері үшін, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар өздері үшін төлейтін ең төменгі жалақының кемінде бір және жеті еселенген мөлшерінен аспайтын кірістің 3,5% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар есебінен қалыптастырылады.
Бұл ретте әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы жарналары сияқты қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен төленеді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру ынтымақтастық принципіне негізделген, өйткені әлеуметтік аударымдар барлық жұмыс істейтін азаматтар үшін төленеді, ал төлемдерді тек әлеуметтік тәуекел туындаған адамдар ғана ала алады.
Қордан асыраушысынан айырылуы жағдайына төленетін әлеуметтік төлем асыраушысынан айырылуы бойынша бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. Төлемге құқық қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушысының асырауындағы отбасы мүшелеріне асыраушы қайтыс болған күннен бастап туындайды. Төлем асырауындағы адам 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысаны бойынша оқуды жалғастырған жағдайда 23 жасқа дейін жүзеге асырылады.
Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жыл ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген қайтыс болған асыраушының кірісіне, сондай-ақ кірісті алмастыру, асырауындағы адамдар санының және жүйеге қатысу өтілінің коэффициенттеріне байланысты болады.
ӘТаа Қ Ұ Қ Ы Қ - қайтыс болуы туралы куәлікте немесе міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, не оны хабарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күннен бастап туындайды.
ӘТаа үлесін бөлу Қ Ұ Қ Ы Ғ Ы оны бөлуге жүгінген күннен бастап туындайды.
Жүгіну тәсілдері:
- проактивті түрде, ӘТаа құқығын іске асыру үшін келіп түскен смс-хабарламаға әлеуетті алушының келісімін алу арқылы
немесе
- «электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы
немесе
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне (ХЖҚО).
Тағайындау үшін қажетті Қ Ұ Ж А Т Т А Р* :
- өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
- баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері);
- қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар;
- 18 жастан 23 жасқа дейінгі отбасы мүшелерінің күндізгі оқу нысаны бойынша орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алатыны туралы анықтамалар (жыл сайын жаңартылады);
- балаға қамқоршы (қорғаншы) белгілеген жағдайда балаға қамқоршы (қорғаншы) белгілеу туралы анықтама;
- банк шотының (20 нөмірлік) мәліметі.
* Ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
М Ө Л Ш Е Р І : ӘТаа = (ОАК - 50% ЕТЖ) х КАК х АСК х ҚӨК
ОАК – ӘТаа құқық туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 24 айдағы Қорға әлеуметтік аударымдар төленген кірістердің орташа айлық мөлшері (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан);
ЕТЖ – ӘТеа құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі жалақының мөлшері (2023 ж. : ЕТЖ = 70 000 теңге);
КАК – кірісті ауыстыру коэффициенті = 0,6;
АСК - асырауындағылар санының коэффициенті:
Асырауындағылар саны |
1 адам |
2 адам |
3 адам |
4 және одан көп адам |
АСК |
0,5 |
0,65 |
0,8 |
1,0 |
ҚӨК - қатысу өтілінің коэффициенті:
Қатысу өтілі |
6-айдан кем |
6 айдан 12 айға дейін |
12 айдан 24 айға дейін |
24 айдан 36 айға дейін |
36 айдан 48 айға дейін. |
48 айдан 60 айға дейін |
60 айдан 72 айға дейін |
60 және одан көп айларда |
ҚӨК |
0,1 |
0,7 |
0,75 |
0,85 |
0,9 |
0,95 |
1,0 |
әрбір 12 ай үшін + 0,02, бірақ 1,3-тен аспайды. |
Толық ақпарат: gfss.kz; gfss_; @gfsskaz.