ӘЛЕУМЕТ

АЭС – елімізге әкелетін жаңа бағыт

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 20.09.2024
Оқылды: 43 Печать страницы

                                                              АЭС – елімізге әкелетін жаңа бағыт

Адамдарды радиация, радиоактивті заттардың ауаға тарауы тәрізді қауіптер алаңдататуы орынды. Алайда бұл заттар тек атом электр станциясының ішінде болады, сыртқа шықпайды. Одан қауіп жоқ. Ал кездейсоқ тарайтын жағдай бола қалса, жүйе өздігінен автоматты түрде жабылады. Станциялар жылдар бойы сынақтан өткен қауіпсіздік шараларының негізінде жұмыс істейтінін атап өткім келеді. Атом электр станциялары көмірқышқыл газы мен түрлі ілеспе газдарды ауаға шығармайды. Экологиялық жағынан тиімді.

Қазақстан тұрғындарының атом электр станциялары (АЭС) туралы пікірі әртүрлі. Кейбіреулер атом электр станцияларын салу идеясын қолдайды, оларды елдің энергетикалық балансын әртараптандыруға және электр энергиясын тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуге көмектесетін маңызды энергия көзі деп санайды. Сонымен қатар, басқалары қауіпсіздік пен қоршаған ортаға ықтимал әсер ету туралы алаңдаушылық білдіреді.

Аудандық өнер мектебінде «Таза Қазақстан- таза қуат”атты түсіндірме ақпарат бойынша шара өтті. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына кезекті Жолдауын талқыланды. Шара барысында, Түсіндірме жұмысы бойынша сөз сөйлеп ақпарат АЭС салу жөніндегі республикалық референдумның маңыздылығына тоқталдым. Сонымен қатар, «Koksu jastary» филиалының психологі Мухаметқалиева Мадина Кайратовна АЭС құрылысының маңыздылығын атап айтты.

Жастар атом электр станцияларының заманауи қауіпсіздік жүйелері, экологияға әсері және экономикалық тиімділігі туралы толық ақпарат алды.

АЭС салу – елдің болашағына жасалған сенімді қадам ретінде бағаланды.

 

Айгерім АЙДАРҚЫЗЫ,

Көксу ауданы мәслихатының депутаты. 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.