ӘЛЕУМЕТ

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ХАЛЫҚҚА АЭС ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРДІ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 20.09.2024
Оқылды: 56 Печать страницы

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ХАЛЫҚҚА АЭС ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРДІ

Аудандық халықтық штаб мүшелері Жарлыөзек ауылында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауына байланысты бірнеше маңызды мәселе талқыланды, әсіресе атом электр станциясының ұтымды тұстары мен маңызы ерекше назарға алынды.

Кездесу барысында аудандық халықтық штаб мүшесі Байжұманов Ғалым атом электр станциясының мемлекеттің дамуына әсер ететін факторларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол АЭС-тың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикасына қосар үлесі туралы сөз қозғап, жаңа жобалардың артықшылықтарын атап өтті.

- «Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% - қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына тәуелді. Алайда, бұл модель күрделі мәселелерге тап болуда. Біріншіден жұмыс істеп тұрған станциялардың тозу деңгейі жоғары, 70% жетсе, екінші жағынан елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын өсіп барады. АЭС аталған мәселелерді шешудің дұрыс жолы деп айтуға болады», - деді Ғалым Байжұманов.

Кездесу барысында тұрғындар АЭС-тың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті екенін түсініп, бұл бастаманы қолдауға дайын екендіктерін көрсетті.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.