ӘЛЕУМЕТ

АЭС - ең қолайлы жоба

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 20.09.2024
Оқылды: 38 Печать страницы

АЭС - ең қолайлы жоба

Дамыған елдердің қатарына кіру үшін көптеген жобаларды қолға алуымыз керек. Себебі, болашақ ұрпақ жарқын әлемде өмір сүруі үшін біз жарқын жобаларды асыру барысында қолдау көрсету біздің міндет. Атом электр станцияларын (АЭС) салу Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды қадам болып табылады. АЭС экологиялық таза әрі тұрақты энергия көздерін ұсынады, көмір мен газға тәуелділікті азайтады, және климаттың өзгеруіне қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, АЭС энергияның ұзақ мерзімді әрі тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етеді және экономикалық даму үшін мүмкіндіктер ашады деп білемінҚазақстанда болашақта электр энергиясы тапшылығы тууы ықтимал және бұл мәселені шешудің жолы ретінде Үкімет атом электр станциясын салуға ниетті. Сонымен қатар электр генерациялаушы жабдықтардың 70%-нан астамы тозған. Ал Қазақстанға көмірсутек көздері арқылы энергия станциясын салу үшін әлем елдері мен ЕО-тан инвестиция тарту қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан еліміз үшін өнеркәсіп пен халықты үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етде атом энергетикасын дамыту және атом станциясын салу – ең қолайлы нұсқа.

Бүгінгі таңда АЭС салу – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды жолдарының бірі. Қазіргі кезде энергия тапшылығы мен экологиялық тұрақтылық мәселелері күн тәртібінде тұр, ал атом энергиясы бұл проблемаларды шешуде сенімді балама бола алады. АЭС тұрақты және ұзақ мерзімді энергия көзі болып табылады, сонымен қатар, қоршаған ортаға зиянды шығарындыларды азайтуға септігін тигізеді. Мен бұл бастаманы қолдаймын, себебі АЭС еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтып, тұрақты болашаққа жол ашады.

АЭС пайдасына тағы бір дәлел – елге бедел сыйлауы. Атом элек­тр стансалары бар мемлекеттер соның ішінде әсіресе, уран өндіру және ядролық отын өн­дірісі бар елдер тек көмір немесе газ энер­гиясына негізделген елдерге қарағанда әлде­қай­да дамыған деп есептеледі. Әлемде эко­но­микасына АЭС пайда әкеліп отырған елдер аз емес.

Әлдибек Рғайбекұлы,

Көксу ауданы мәслихатының депутаты.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.