ӘЛЕУМЕТ

ЕҢБЕКШІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ, КЕҢАРАЛ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 21.12.2024
Оқылды: 49 Печать страницы

Ауылды көркейту, халықтың әл-ауқатын арттыру, ауылға көңiл бөлу және жағдайын жақсарту басты міндетіміз.

Осы орайда, бүгін аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлының бастауымен Еңбекші ауылдық округі тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында жаңа медициналық пункт халық игілігіне пайдалануға берілді.

«Тұрғындарымыздың денсаулығы мен амандығы әрдайым бірінші орынға қойылып, бұл мекеме өз жұмысын абыроймен атқаратынына, алдағы уақытта денсаулық сақтау саласының мамандары жаңа ғимаратта жемісті еңбек етеді деген сенімдемін. Жаңа нысан ауыл тұрғындарының дертіне шипа табатын орынға айналуына шын жүректен тілектеспін. Жаңа нысан құтты болсын!», - деді аудан басшысы Д.Халелов.

Мединалық мекеме құрылысы тамыз айында басталып, бүгінде қолданысқа беріліп отыр. Барлық қажет бөлмелермен, медициналық жабдықтары мен қамтылған. Атап айтқанда, қабылдау бөлмесі, медициналық қалдықтарды сақтау бөлмесі, сүзгі бөлмесі, егу, екпе бөлмелері бар. Кеңарал ауылында 313 тұрғын тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейін 95-бала , 1-жүкті әйел бақылауда. Штаттық кесте бойынша 1 медбике мен 1 тазалықшы жұмыс атқарады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.