Жаңа Жолдау өміршең мәселелерді терең зерделеген үлкен дайындықпен нақтыланған деуге негіз бар және стратегиялық жағынан маңызды деп есептеймін.
«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдаудың әр бағыты маңызды. Атап айтқанда, әлеуметтік қамсыздандыруды жақсарту, энергетика секторын жаңғырту мен атом энергетикасын дамытуды қоса алғанда инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, әлеуметтік қолдау жүйесін жақсарту және заңдылық пен тәртіп қағидаттарын бекіту сияқты бағыттар бойынша ұсынылатын шаралар ерекше назар аударуға лайық екенін атап өтті. Мемлекет басшысы республикалық деңгейде шұғыл шараларды талап ететін проблемалық мәселелерді де нақты атап өтті. Ең маңыздыларының бірі – елдің энергетикалық қауіпсіздігі. Еліміздің экономикасының дамуы үшін энергетикалық тәуелсіздік болу керектігін атап, сондықтан АЭС-тің экономикалық тиімділігіне тоқтала келе оны салуды қарапайым халықтың өзі шешетін жалпыхалықтық референдумды өткізуді ұсынған болатын. Осыған орай, 2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізілді, онда азаматтардың көпшілігі АЭС салу идеясын қолдады. Мәселенің әлеуметтік маңыздылығы мен экологиялық қауіпсіздігін ескере отырып, ірі нысандарға инвестиция салумен қатар «жасыл технологияларды» белсенді енгізуді жалғастыру қажеттілігіне тоқталды. Энергетика, құрылыс, жол салу, су салалары бойынша үкімет алдына нақты тапсырмалар белгіледі.
ӘЛЕУМЕТ
ЖАҢА МІНДЕТ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ
Санат: ӘЛЕУМЕТ | |
Уақыты: 22.12.2024 | |
Оқылды: 71 | Печать страницы |