ӘЛЕУМЕТ

Әскери тарих пен қызметті зерделеу арқылы жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру тақырыбында кездесу өтті

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 09.04.2025
Оқылды: 141 Печать страницы

Жеңістің 80 жылдығына орай Талдықорған қаласында облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен К.Ушинский атындағы №7 орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларына арналған Жетісу облыстық жинақтау пунктінде  «Әскери тарих пен қызметті зерделеу арқылы жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру» тақырыбында кездесу өтті. 

Оқушылармен кездесу барысында жинақтау пунктінің өкілдері әскери қызметшілердің күнделікті өмірі, әскери кәсіптің ерекшеліктері туралы айтып, жоғарғы сынып оқушыларына Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарына түсу тәртібін түсіндіріп, әскери мансаптың келешегі туралы айтып берді.

Оқушылар үшін жауынгерлік даярлық сыныптарында экскурсия өткізілді, оларға армиядағы күнделікті өмір туралы жақынырақ түсінуге және қызметке деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді.

Әскерилер балаларға әскери құрал-жабдықтарды қалай кию керектігін көрсетіп, барлық ниет білдірушілерге атыс қаруының әртүрлі үлгілерін құру және бөлшектеу, жалпы әскери қорғаныс киімін, оқ өтпейтін жилет пен кевлардан жасалған дулығаны киіп көру мүмкіндік берді.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.