Осы шара шеңберінде 28 панфиловшыларды еске алу сәті де ұйымдастырылды, сондай-ақ Ауған соғысының ардагерлерімен Омаров Амангельді Жумаханович, Жайлаубеков Кажимхан Арынович, Сембеков Берик Мейлканович, Калпебаев Адильбай Адилмажинович, Абдрасилов Ергали Мырзатаевич, Бахтыбаев Ержан Камбарович және Жетісу облысы, Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыстар, әскери қызметті насихаттау инспекторы – Дауренбаев Есет Женисович қатысып, өздерінің жеке тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан Соғысы мен Ауған соғысының тағдыры туралы терең түсінік беріп, ардагерлердің ерліктері мен патриоттық рухын жастарға жеткізу, ел тарихына құрметпен қарауға, ұрпаққа баға жетпес үлгі болуға шақыру болды.
#ҰлыОтанСоғысы #Жеңіс #Ардагерлер #Панфиловшылар #Патриотизм #ҰлттықТарих #Менторлық