ӘЛЕУМЕТ

Білім министрлігі диплом беруді электронды форматқа көшірмекші

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 21.05.2019
Оқылды: 344 Печать страницы
Білім министрлігі диплом беруді электронды форматқа көшірмекші

Білім және ғылым министрлігі білім жүйесін толығымен электронды форматқа көшіруді жоспарлап отыр. 

"Диплом беру, диплом алу – барлығы электронды форматқа көшіріледі. Сонда ғана жемқорлыққа жол берілмейді. Егер электронды форматта болса, бақылау болады", - деді министр журналистерге. Сондай-ақ, ол жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаңа курс енгізіліп жатқанын атап өтті. "Біз бұл жұмысты бастап кеттік. Биыл сауалнама жүргізген кезде, балалардың 70%-тен астамы жемқорлықпен бетпе-бет келмегенін айтты. Бірақ қалған процент бізді әлі де алаңдатады, сондықтан бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз", - деп сендірді Шәмшидинова. Бұған қоса, министр емтихан жұмыстарын анонимді тексеру жүйесін енгізу, барлық жұмысты антиплагиатқа тексеру жемқорлыққа тосқауыл болатынын айтты.

 
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.