ӘЛЕУМЕТ

Тәжірибе алмасу– іскерлікті жетілдіру

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 24.05.2019
Оқылды: 501 Печать страницы
Тәжірибе алмасу– іскерлікті жетілдіру

Қант қызылшасы – Жетісу жерінің төл дақылы. Республика бойынша өндірілетін тәтті түбірдің  едәуір көлемі біздің облысқа тиесілі. Бұл ретте елімізде тәтті түбір ең алғаш рет Талдықорған өңірінде өсірілгенін айта кету керек.
2019 жылдың 16 мамыр күні ауданымызға қант саласын дамыту барысында атқарылып жатқан жұмыстарымен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында Павлодар  облысының делегаттары жұмыс сапарымен келді.
Олардың мақсаты қант қызылшасын өсірудің озық технологиясы, егістікті суару, тыңайтқыштарды тиімді пайдалану, егіс алқаптарының көлемін ұлғайту – қант өндірісін дамытудың негізгі бағыттары бойынша тәжірибе алмасу.
Алдымен атбасын Көксу ауданы қант зауытына бұрды. Мекеме директоры  Алтынбек Абатов қант қызылшасы будандары тұқымдары және ауыл шаруашылығы техникасы туралы толығымен таныстырды.
Содан кейін қант қызылшасын себу, күту, жинау технологиясымен таныстыру жұмысын «Кең дала» ШҚ басшысы Қалибек Алпысбаев жалғастырды.
Өңірімізге жұмыс сапарымен келген делегаттар қант саласын дамытуда бірлесе жұмыс атқару мақсатында ауданымыздағы шаруа қожалықтарын аралап, жұмысымен танысты. Сонымен қатар, кездесу соңында екі облыс арасында өзара келіссөздер жүргізу жоспарланды.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.