ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында «Бақытың жаныңда» жобасы басталды

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 31.05.2019
Оқылды: 332 Печать страницы
Алматы облысында «Бақытың жаныңда» жобасы басталды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Бақытың жаныңда» жобасының бастау алатындығын жариялайды.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жадыра Иманғалиева «Жоба аясында мемлекеттік қызметшілердің жас отбасылары марапатталып, қоғамға мемлекеттік қызметте жүріп отбасын құрудың қиын еместігін жеткізуді алға қойып отырмыз», - деп айтты.

Отбасы - бұл махаббат, құрмет, ынтымақтастық және бауырмалдық көзі, онсыз адам бола алмайды. Отбасыдан адамның өмірі басталады, осында азамат болып қалыптасады.

Отбасының арқасында мемлекет нығайып, дамиды, халықтың әл-ауқаты өседі. Барлық замандарда еліміздің дамуы туралы  - отбасының қоғамдағы жағдайы және оған деген мемлекеттің көзқарасы негізінде  бағаланатын.

 

Анықтамалық: 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдайы бойынша Алматы облысының мемлекеттік қызметшілерінің саны 7498 адамды немесе штат санының 94,1% - ын құрайды (7971 бірлік).

Оның ішінде 332 отбасы немесе 664 адам (9%), онда ерлі-зайыптылардың екеуі де мемлекеттік қызметші болып табылады, оның ішінде біреуі құқық қорғау жүйесінде жұмыс істейді.

Олардың жасы 24-тен 59-ға дейін, әр түрлі лауазымдарды атқарады, некеде 1,5 айдан 35 жылға дейін, 1-4 балалары барлар.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.