ӘЛЕУМЕТ

Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 10.06.2019
Оқылды: 412 Печать страницы
Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Биыл шілде айында қазақстандықтарды 22 жұмыс және 9 демалыс күні күтіп тұр.

“Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы” заңға сәйкес 6 шілде елорданың мерекесі болғандықтан бұл күні қазақстандықтар демалады. 2019 жылы 6 шілде сенбі күніне түсіп тұр. Сол себепті демалыс күні 8 шілдеге ауысады, яғни дүйсенбі күніне. Сондықтан бес күндік жұмыстағы қазақстандықтар үш күн демалады. Бұл 6-8 шілде аралығына келіп тұр.

Астана күні – Қазақстанның мемлекеттік мерекесі. 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстанның Жоғарғы кеңесі елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулы шығарған. 1998 жылы 6 мамырда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Ақмола Астана болып өзгерді. Ал 2019 жылдың 20 наурызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде ант қабылдағаннан кейін Астананы Нұр-Сұлтанға ауыстыруды ұсынды.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.