
Президенттік сайлау – елдегі демократияны нығайту жолындағы үлкен қадам. Сол қадамның дұрыс жасалуы - әділ өтуіне байланысты. Әділ сайлау - әділеттілік нышаны.
9 маусым - Қазақстан халқының тағдырын шешетін күн. Бұл күн біздер үшін өте маңызды. Сол себепті де, мен де айтулы күнге өзімнің сүбелі үлесімді қосуға тырыстым.
Таңның атысымен өзімнің тұрақты мекенімнен сайлау уческесіне бардым. Бұл менің ең алғашқы дауыс беруім. Елімнің болашағын ойлайтын, Тәуелсіздігіміздің айбынын асқақтататын азаматты мемлекет басшысы ретінде ұсыну мен үшін абыройлы іс болды.
Сайлаудың әділ әрі тыныш өткеніне қуаныштымын. Еліміз жасасын! Президент жасасын!
Диляра Юсупова, "Нұрлы Көксу" газетінің тілшісі.
Мен Абдыкалыова Айдана Жандарбекқызы сайлау ашық әрі әділ өтті деп ойлаймын. Себебі, сайлаудың әділ, ашық, заңды түрде ұйымдастырылып, өткізілуін бақылаушылар бақылауында болды. Олар сайлау процессін жіті бақылап, оның әділ де ашық болуын, заңдылықтың сақталуын қадағалады.
Мен де өз елімнің болашағы, тұрақтылық, бейбіт өмір үшін дауыс бердім. Сайланатын президент елге адал, әділ басшы болып, қызмет етеді деп сенемін.
«Нұрлы Көксу» аудандық газетінің тілшісі Абдыкалыкова Айдана