
Бәрімізге белгілі, 9 маусым күні еліміз үшін өте маңызды әрі жауапты кезең - кезектен тыс президенттік сайлауы өтті. Бұл сайлау - біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Сол себепті де, біз - жастар, өз дауысымызды ҚР-ның президенті болуға әбден лайықты деген үміткерге дауыс бердік. Ол - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Және сол кісінің жеңіске жеткеніне қуаныштымыз.
Қасым-Жомарт Кемелұлы - осы уақытқа дейін еліміз үшін елеулі еңбек етіп келді. Премьер министр болған жылдары ел экономикасы айтарлықтай жақсарды. Шет мемлекеттермен де байланысымыз тұрақты түрде орнады.
Алғаш президенттік қызметке тағайындалған уақытта өзінің білімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Халықпен кері байланысты орнату мақсатында әкімдер мен министрлерге әлеуметтік желіде аккаунт ашуды тапсырды. Себебі, қазіргі жаһандық заманда интернет - таптырмас құрал. Тіліміздің мәртебесін де назардан тыс қалдырмады. «Бұл — өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек» деп атап өтті. Бұл оның халық үшін туған азамат екенінің дәлелі.
Тоқаевты жастар да қолдайды, 60-ты алқымдағанына қарамастан ол әлеуметтік желілерде белсенді, елде болып жатқан жағдайлар мен оқиғалар туралы парақшасында өз пікірін білдіріп отырады. Бұл еліміздің болашағы — жастармен бір толқында болуының дәлелі.
Қасым-Жомарт Тоқаев - еліміздің жаңа президенті. Және біз оны қолдаймыз!
аудандық "Жастар ресурстық орталығы".