ӘЛЕУМЕТ

БОЛАШАҚ ҮШІН НАҚТЫ ҚАДАМ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 12.06.2019
Оқылды: 460 Печать страницы
БОЛАШАҚ ҮШІН НАҚТЫ ҚАДАМ

Күні кешегі сайлауда біз өз таңдауымызды жасадық. Ол - Қасым-Жомарт Тоқаев. Еліміздің, жеріміздің дамуы үшін дұрыс таңдау жасадық деп ойлаймыз.

   Көзіміз көріп, көңілге түйгеніміз - Қасым-Жомарт Кемелұлы қарапайым, білімді азамат. Болашағымыздың тұрақтылық нышаны болады деген үміттеміз. Ол өзінің "Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" атты бағдарламасы арқылы халыққа кемеңгерлігі мен парасаттылығын дәлелдеді.

  "Ұлт көшбасшысы іс жүзінде тәуелсіз елдегі саяси басқару мен сабақтастықтың мүлде жаңа, озық үлгісін жасап берді. Менің де Президент ретіндегі негізгі ұстанымым мен өмірлік көзқарасым осы бағыттан ауытқымайды. Жоғарыда айтып өткенімдей, елдің өркендеу кепілдігі мемлекетшілдік пен дәстүр сабақтастығында және оған деген құрмет пен адалдықта жатыр. Онсыз ешқашан тұрақтылық та, даму да болмайды. Екінші ұстанымым – әділеттілік. Бұл жалпыадамзаттық әрі дала демократиясынан бастауын алатын, ата-бабамыздан дарыған, ежелден қанымызға сіңген құндылық болатын. Оны жоғалтып алу адамзат үшін де, ұлт үшін де өзін-өзі жоғалтып алумен бірдей. Әділеттілік салтанат құрмаған қоғамда тек қайшылық, қиыншылық, құлдырау үстемдік ететіні белгілі. Сондықтан әділетсіздікпен мемлекет, қоғам, әр адам күн сайын, бірігіп күресуіміз керек. Халқымыз айтқандай «Әділет жолы – ауыр жол», бірақ ауыр болса да одан тура жол жоқ. Үшінші ұстанымым – тек алға басу, даму жолымен жүру. Өздеріңіз білесіздер, біз өмір сүріп отырған дәуірдің табиғаты мың құбылмалы. Жаһандық бәсекелестік жағдайында мүддемізді қорғауға, мақсатымызға жетуге ұмтылмасақ, жедел алға баспасақ көп нәрседен ұтыларымыз анық. Мына дәуір еркелікті, жалқаулық пен масылдықты, немқұрайлықты көтермейді. Төртінші өнеркәсіптік революция кезеңінде, жоғары технологиялық, цифрлық кеңістікте жаһандық дамудан он жыл артта қалсақ, жүз жыл оның орнын толтыра алмайтынымызды естен шығармайық", - деді.

   Қасым - Жомарт Кемелұлының президент болуы - бұл болашақ үшін, мемлекеттің тұрақтылығы мен ұдайы дамуы үшін жасалған бірегей қадам. Біздің ендігі міндетіміз – осы жолдан, осы бағыттан ауытқымай, тек алға басу, өсу, өркендеу. Осы жолда еңбек етіп, қолдау білдіруіміз керек.

Елтай Кемпірбайұлы.



 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.