ӘЛЕУМЕТ

«Nur Otan»-НЫҢ НҰРЛЫ ОТЫРЫСЫ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 21.06.2019
Оқылды: 444 Печать страницы
«Nur Otan»-НЫҢ НҰРЛЫ ОТЫРЫСЫ

Сәрсенбінің сәтті күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалының саяси кеңес отырысы өтті. Бұл жиынға ҚР Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Талдықорған өңірлік кәсіподақ комитетінің төрағасы, облыстық саяси кеңес мүшесі Садық Әбдіқадыров, аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, саяси кеңес мүшелері, округ әкімдері мен мәслихат депутаттар, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Сәрсенбінің сәтті күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалының саяси кеңес отырысы өтті. Бұл жиынға ҚР Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Талдықорған өңірлік кәсіподақ комитетінің төрағасы, облыстық саяси кеңес мүшесі Садық Әбдіқадыров, аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, саяси кеңес мүшелері, округ әкімдері мен мәслихат депутаттар, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

 Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың аудандық қоғамдық штабының атқарған жұмысы туралы  «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Аманбайұлы баяндама жасады:
«Құрметті партияластар! Бәрімізге белгілі, еліміздің кезектен тыс Президенттік сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткен болатын. Бірлік пен берекенің биігінен көрініп келген Қазақстан халқы бұл жолы да жұдырықтай жұмылып, көздеген мақсаттарға бірге қол жеткізді. Біздің партия осы жолда белсенділік танытты.
Бұл – елдік пен бірліктің жарқын үлгісін көрсеткен барлық қазақстандықтардың жетістігі! Бұл – сіз бен біздің ортақ жұмысымыздың нәтижесі. Баршаңызға алғыс білдіремін.
Қазақстандықтар Қасым-Жомарт Кемелұлына дауыс беру арқылы еліміздің кемел келешегі үшін Елбасы саясатының сабақтастығын таңдады. Бұл жеңіске кандидатымыздың республикалық, облыстық және аудандық штабтары мен сенімді өкілдері үлкен үлес қосты.
Ауданымызда үміткердің сенімді өкілдері мен партия белсенділер саны 103. Онын ішінде атап айтсақ  48 - сенімді өкілдері, 55 - партия белсенділері және 1 қоғамдық қабылдауы жұмыс істеді.
  Желілік кестеге сәйкес  83 іс-шара ұйымдастырылып, 13 596 үгіт-насихат құралдары таратылды.
Тәуелсіз Қазақ елі дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Тарихымыздың жаңа тарауы басталды.
Ел өміріндегі елеулі оқиға тек Мемлекет басшысына емес, барша қазақстандықтарға бірдей зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені халықтың 9 маусым күні жасаған өз таңдауы толық заң жүзінде күшіне енді.
12 маусымда ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына ант бере отырып, дамудың нақты бағыттарын атап өтті.
Сайлауда жалпыұлттық «Бірге» акциясы аясында азаматтарымыздан көптеген өтініш-тілек келіп түсті. Олардың бәріне ортақ бір ғана тілек бар: Елбасы жолын, Стратегиясын сақтау және оны одан әрі нығайту. Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды платформасы – «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп аталды. Алдағы уақытта сайлауалды бағдарламада көрсетілген барлық бағыттардың жүзеге асырылуына жұмыла кірісетін боламыз.
Ең бірінші, азаматтар барлық жерде әділдік орнауын қалайды. Өткір әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселені шешу үшін орта мерзімді кешенді шаралар қабылдау қажет. Бұл мәселе сайлауалды бағдарламаның ең бірінші күн тәртібінде тұр.
Екіншіден, елімізде табиғатқа деген қамқорлық азайып барады. Сондықтан, тез арада бірыңғай экологиялық саясатты қолға алып, жаңаша серпін беретін кодекс қабылдау қажет.
Өзекті мәселенің тағы бірі – таза ауыз су. Президент сапалы ауыз су әрбір үйде болуы керектігін айтты. Сонымен бірге, жолдың сапасы да мемлекет назарында болады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың табысын арттыру, сыбайлас жемқорлықты жою, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғын үй мәселесін шешу, әділетті әлеуметтік саясат, өңірлерді дамыту, сыртқы саясат және жастарға қамқорлық көрсету бағыттары бойынша жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.
Мемлекет басшысы сот жүйесін реформалауға ерекше назар аударды. Сот әділдіктің соңғы шегі екенін түсіндірген Президент құқық қорғау жүйесі халықтың сеніміне ие болу үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Әсіресе, судьяларды бағалау және іріктеу жүйесін қатайту керектігін алға тартты.
Мемлекет басшысы республика бюджетін қандай бағытқа жұмсау жайына да кеңінен тоқталды. Мұндайда бюджет қаражатын жаңа жұмыс орындарын ашуға бағыттау маңызды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекет алдында Бірыңғай тұрғын үй саясатын жасақтау міндеті тұрғанын айтып өтті. «Біз мұғалімдердің және дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылдаймыз. Олардың құқығын қорғап, материалдық жағдайын жақсарту үшін тиісті жағдай жасаймыз», – деді ұлықтау рәсімінде.
«Қуатты аймақтар – қуатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша аймақтарда қордаланған мәселелердің шешілуі де тиісті шараның бірі. Болашақта Қазақстанда жергілікті өзін-өзін басқару жүйесі нығайтылады.
Мемлекет басшысы жастарға қамқорлық көрсету мақсатында Президенттік кадрлық резерв құру туралы бастама көтерді. Бұл жоба мемлекеттік қызметтің барлық деңгейінде жүрген дарынды жастарды қолдауға арналған. Бұл жұмыс басталды.
Жалпы бағдарламаның әр бағыты азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға негізделген.
Сайлау компаниясы кезінде Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің көптеген аймақтарына барды.
Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», Бес институционалдық реформа:100 нақты қадам» Ұлт жоспары және мемлекетіміздің өзге де маңызды стратегиялық құжаттарын жүзеге асыру бойынша жұмыс істеуді қолға алды.
Халқымыздың бірлігі, Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім, барша азаматтардың байқуаттылығы мен өмір сүру деңгейінің өсуін қамтамасыз ететін саяси бағытты жалғастыру үшін дауыс бердіңіздер.
Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар, әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақты халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен жемісті болашағы бар.
Сол нұрлы болашаққа бірлесіп қадам басайық, бірігіп еңбек етейік!»
Осындай жақсы жиынның жаршысы болған Садық Нұрсапаұлы да өзінің ойын білдіріп, мемлекетіміздің гүлденуі жолында күш-жігерімізді салып, қызмет жасауға шақырды.
Жиындағы көтерілген президенттік сайлаудағы бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты ұсыныстар бойынша ауданымыздың «Құрметті азаматы» Сайлау Бәзілов және «Үміт» күндізгі болу орталығының директоры Әлия Садықова пікірлерін айтып, дара жолдың ізін жалғастырушысы болған президентімізді барынша қолдайтындықтарын жеткізді.
Отырыс соңында тиісті қаулы қабылданып, аталған мәселелер толығымен шешілді.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.