
Өткен аптада аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен, өкілетті органдардың өзара ынтымақтастық іс - шаралар жүргізу мақсатында, аудандық борышкерлердің мемлекет пайдасына, алимент және өндірілуі тиіс атқару өндірістері бойынша отырыс өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков, Көксу ауданының прокуроры Азамат Бекеев, аудан прокуратурасының аға прокуроры Ләззат Сүлейменова және өкілетті органдардан осы жобаны іске асыру үшін ауданның мемлекеттік сот орындаушылары, мекеме, бөлім басшылары мен округ әкімдері қатысты.
Көксу ауданының прокуроры Азамат Бекеев өз сөзінде бірлескен жұмыс жасаудың нәтижесінде жақсы көрсеткішке жететіндігін атап өтті. Ал, аудан прокуратурасының аға прокуроры Ләззат Кенесқызы алимент пен мемлекет пайдасына сомаларды өндіру бойынша орындаудан жалтарып жүрген борышкерлерден өндіруге ықпал ету үшін, аудан бойынша өкілетті органдардың өкілдері өзара ынтымақтастық іс - шаралар жүргізу мақсатында, меморандумның негізінде қандай жұмыстар жүргізілетіні, бірлесіп атқарған іс - шаралардың нәтижесі туралы түсіндіріп және жұмыссыз жүрген борышкерлерімізді алдымен өз еркімен жолдап, келіспеген жағдайда мәжбүрлі түрде міндеттеп орналастыруға бірлесіп жан-жақты жұмыс жасау жөнінде баяндама жасады.
Тиісінше, округ әкімдеріне әр ауылда алимент төлемей жүрген жандардың тізімін жасап, сол бойынша жұмыстар атқаруды тапсырды. Жиынға қатысушылар өзара пікір алмасып, жан-жақты талқылады. Бұл отырысқа арнайы қатысқан жеке сот орындаушыларының өнірлік палатасының басшысының орынбасары Руслан Исаев, осындай іс шаралар Талдықорған қаласында өткізіліп, жақсы нәтижеге жеткендерін айтып өтті. Оған қосымша, отырыс меморандумына «жастар ресурстық орталығын» қосуды тапсырды.