
Бәрімізге белгілі, Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның XVIII съезінде «Құтты мекен» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Бұл жобаның басты мақсаты - жергілікті жерлерде инфрақұрлымды нығайту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, газ, су құбыры, электрмен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуді және моноқалаларды дамыту жұмыстарын жалғастыру екені аян. Осы жоба аясында біз көтергелі отырған бірқатар мәселелер бар.
Көксу ауданының "Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің" 2019 жылдың бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарын саралап, жасалынған жолдар бойынша талдау жасадық.
Жалпы аудан жолдарына күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға ағымдағы жылы 383 776 мың теңге қаражат бөлінді. Атап айтсақ, Балпық би ауылындағы Амангелді көшесіне күрделі жөндеу жұмысын ұйымдастыруға 99 888 мың теңге, Амангелді көшесі бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпаз болып «Гор Дор Строй» ЖШС-і атанды, Балпық би ауылындағы Қонаев көшесіне күрделі жөндеу жұмысын ұйымдастыруға 84 067 мың теңге, Көксу бекетіндегі Орақты батыр көшесіне күрделі жөндеу жұмысын ұйымдастыруға 80 114 мың теңге, Балпық би ауылындағы Мырзабеков көшесіне орташа жөндеу жұмысын ұйымдастыруға 14 512 мың теңге, Бостоған ауылындағы Құндақбаев көшесіне орташа жөндеу жұмысын ұйымдастыруға 35 420 мың теңге, Ақшатоған ауылындағы Орджоникидзе көшесіне орташа жөндеу жұмысын ұйымдастыруға 19 513 мың теңге, Ақтекше ауылындағы Мақұлбеков көшесіне орташа жөндеу жұмысын ұйымдастыруға 29 915 мың теңге, Алғабас ауылындағы Көмекбай көшесіне орташа жөндеу жұмысын ұйымдастыруға 9 566 мың теңге және Қызылтоған ауылындағы Нұрахмет көшесіне орташа жөндеу жұмысын ұйымдастыруға 10 781 мың теңге қаражат бөлінген болатын. Мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпаз болып «Талг Строй» ЖШС-і атанды. Жөндеу жұмыстарының барлық түрлері бойынша жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылдың 31 шілдесінде аяқтау жоспарланған. Аудандық ішкі істер бөлімінің жол қадағалау ұйғарымдары негізінде жалпы сомасы 1 200 мың теңгеге 27 дана жол белгілер орнатылды.
Республикалық қаражаттан перспективалық ауылдарды дамытуға бағытталған «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында Көксу ауданы Балпық би ауылының 12 көшесіне орташа жөндеу жұмысын жасау көзделген. Атап айтсақ, олар Молдағұлова, Бейбітшілік, Наурызбай батыр, Алтынсарин, Панфилов, Баисов, Майкей ақын, Молдабергенов, Жамбыл, Әйтеке би көшесінен Әуезов көшесіне дейінгі жол, Жангелдин көшесі және Орақты батыр көшелеріне жалпы сомасы 209 407 мың теңге қаражат қарастырылған. Бұл болашаққа құрылған жоспар.
Бұдан бөлек осы жоба аясында мектептер құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Газ мәселесі де қолға алынып, өз кезегінде ауылдарға тартылуды. Ал, жергілікті жерлердегі инженерлік инфрақұрымдарға келетін болсақ, 2019 жылдан бастап 2025 жылға дейін 7 көппәтерлі және 21 бірпәтерлі үйлерді қолданысқа еңгізуді жоспарланған.
Осы бағдарлама бойынша Балпық би ауылындағы (Мырзабеков көшесіндегі №1) 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй құрылысы 2017 жылы желтоқсан айында басталып, 2018 жылдын желтоқсан айының 19 күні қолданысқа берілді.
Жоба аясында жоспарды әрі қарай іске асыру үшін Балпық би ауылында 50 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысын жүргізу үшін және мердігерді анықтау мақсатында 2019 жылдың ақпан және наурыз айларында мемлекеттік сатып алу конкурс өткізіліп, құрылыс жұмыстары сәуір айының 15-і күні басталды. Аяқталуы 2019 жылдың қазан айына жоспарланған. Осы үйдің құрылысы аяқталғанда 5 үш бөлмелі және 25 екі бөлмелі үй қөпбалалы отбасына беріледі деп жоспарланған.
Сонымен қатар, Балпық би ауылында 20 пәтерлі тұрғын үй құрылысы (Исабаев 117 А) 2019 жылдың маусым айының 18-і күні басталды, өткізілуі жылдын аяғына жоспарланған.
Балпық би ауылындағы Нүсіпов көшесінде орналасқан жер телімінде көпбалалы отбасыларға арналған 20 пәтерлі тұрғын ұй құрылысы және 21 төрт бөлмелі жалгерлік тұрғын үй құрылысының (әрқайсысының алаңы 80 м²- 10 үй және әрқайсысының алаңы 100 м²-11үй) жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 2019 жылдың сәуір айында мемлекеттік сатып алу конкурс өткізіліп, жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мінекей, осы жүргізілген жұмыстар "Құтты мекен" жобасының тек жартысы ғана. Атқарылар шаруалар әлі алда...
Диляра ЮСУПОВА.