
Алматы облысының ішкі туристтік әлеуетті көтеру және киелі Жетісу өзендерін кеңінен таныту, дәріптеу мақсатында, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы және «Жетісу географиялық қауымдастығы» бірлесе отырып, «Жетісудың 7 өзені» байқауын жариялайды. Ол үшін әлеуметтік желідегі инстаграм @visitzhetysukz парақшасына жазылуыңыз шарт. Жеке парақшаңызда Жетісу жерінің 7 өзенінің бірінде суретке түсіп, жеті өзеннің атаулары мен орналасқан жерлерін белгілеу қажет, сондай ақ жүктелген сурет астына #zhetysurivers, #7river хештегін қалдыру қажет.
Байқау 2019 жылдың 1-ші тамызына дейін жалғасады. Байқау жеңімпазына, яғни:
1-орын – Дрон DJI Phantom 3 SE;
2-орын – Фонарь NITECORE TM16
3-орын – Бинокль Bresser National Geographic 10x42 WP⠀сияқты бағалы сыйлыққа ие болады.