ӘЛЕУМЕТ

Бақытты отбасы – ұлттық жоба

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 18.07.2019
Оқылды: 441 Печать страницы
Бақытты отбасы – ұлттық жоба

Партиялық жобаның басты мақсаты – Қазақстандық отбасылар мен балалардың әл-ауқатын арттыру болып табылады.
Жобаның негізгі міндеттері - отбасы мен балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық шараларды нығайту, отбасы мен балалардың құқықтарының қорғалуын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасы институтын нығайту, балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.
«Бақытты отбасы» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында Алматы облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы А.Баталов жол картасын бекіткен болатын.
Осы орайда ағымдағы жылдың 15 шілде күні «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру мақсатында ауданда құрылған жұмысшы топ мүшелері бекітілген жол картасындағы 2 бөлім, 2.3 тармақ, 4 тармақшасындағы «Балаларға арналған қауіпсіз және жайлы инфраструктура» акциясы аясында Көксу ауданы бойынша бірқатар мектепке дейінгі мекемелерге мониторинг жүргізілді. Акция барысында мектепке дейінгі мекемелерде терезелердің қауіптілігі, люктердің ашылып қалуы, санитарлық-гигиеналық нормаларды жақсарту, электр жүйелері және қозғалыс қауіпсіздігі секілді мәселелер басты назарға алынып, бірқатар ескертулер жасалды. Алдағы уақытта қауіпсіздікке және оқыс оқиғаның алдын алуға арналған акциялар өз жалғасын таппақ.

Бақыт ЖАПСАРБАЙҰЛЫ,
 «Nur Otan» партиясы
Көксу аудандық филиалының консультанты

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.