ӘЛЕУМЕТ

ІSKERLІK KEZDESÝ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 26.07.2019
Оқылды: 378 Печать страницы
ІSKERLІK KEZDESÝ

Ағымдағы жылдың  22 шілде күні  Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров келіп, ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көрді.
Ең бірінші ат басын қант зауытына бұрды. Кәсіпорын басшысы Алтынбек Абатов: «2015 жылы Көксу қант зауыты 4 млрд теңгеге қайта жөнделіп, іске қосылды. 2017 жылы 1,5 млрд теңге сомаға зауытты жаңғырту жүргізіліп, шетелдік өндірістің жоғары өнімді жаңа жабдықтары орнатылды. 2 бұрғы төсейтін машиналар сатып алынып, 3 га кагат алаңы асфальтталды. Қазіргі таңда зауыт тәулігіне 2 мың тонна шикізат өңдеп, 260 тонна дайын өнім өндіреді. Жылдық қуаты жылына 180 мың тонна шикізат шығарады. Жұмысшылардың саны 450 адам. Негізгі шикізат жеткізушілер Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу аудандарының, Талдықорған, Қапшағай қалаларының қызылша шаруашылықтары», - деп қысқаша айтып өтті.
Бағдат Сайланбайұлы «Уыз Май Industry» ЖШС жұмысымен танысты. Зауыттың атқарушы директоры Ербол Тоқтағұлов өз сөзінде: «Зауыт 2010 жылы пайдалануға берілді. Зауыт қызметінің негізгі түрі ауыл шаруашылығы өнімдерін (соя) қайта өңдеу, сақтау, сатып алу болып табылады. Өндірістік қуаты жылына 40,8 мың тонна соя өңдейді. 2018 жылы зауыт 7086,8 млрд. теңгеден астам сомаға 41 мың тонна шикізат өңдеді. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 3,2 млрд. теңге сомасына 16 мың тонна шикізат өңделді. Зауытта 100 жұмысшы жұмыс істейді. 2019-2020 жылдарға соя және басқа да майлы дақылдарды өңдеу үшін жалпы сомасы 650 млн.теңгеге зауытты жаңғырту жоспарлануда», - деп атап өтті.
Бағдат Манзоров жалпы саны 862 басты құрайтын, оның ішінде 400 бас сауылатын, сүттің жалпы сауымы тәулігіне 12 тонна немесе орташа 30 кг өнім өндіретін жеке кәсіпкер Каримовтың жұмысымен танысты.
Әрі қарай Лабасы ауылдық округіндегі «Шаңырақ» су электр станциясының құрылысын көріп қайтты.
Облыс әкімінің орынбасары аудан активімен кездесті. Кездесу барысында ауылдық округ әкімдерімен, бөлім басшыларымен танысты. Ауданның активімен кездескен Бағдат Сайланбайұлы: «Ауданның дамуы – менің назарымда, бұл өңір мен үшін ерекше ыстық. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін ауданда өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асырудың маңызы зор, халық пен мемлекет арасында тығыз байланыс орнату қажет», - деді.  
Жиын соңында, кездесуді қорытындылай келе, Бағдат Манзоров ауданды одан әрі дамыту және көркейтуге бірлесіп жұмыс жасауды тапсырды.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.