
Ағымдағы жылдың 20-шы ақпанынан бастап, «Nur Otan» партиясының өңірдегі барлық филиалдары «Халыққа Көмек» акциясы іске асыруды қолға алды. Осы науқан барысында жергілікті атқарушы органдар өкілдері қоғамдық қабылдау өткізіп, әлеуметтік жағдайлары төмен көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуде.
Елбасы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа әлеуметтік саясатты жариялады. «Көпбалалы, толық емес және аз қамтылған отбасыларды, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін қолдау, денсаулық сақтау саласын дамыту, бизнесті және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, жергілікті жолдар желісін жөндеу, салу және кеңейту әлеуметтік доктринаның негізі болып табылады. Енді біз қоғамдық бақылаудың жаңа пәрменді тетіктерін әзірлеуіміз керек» - деген болатын.
Атаулы жоба бойынша аудан көлемінде де жұмыстар жандана бастады. Атап айтсақ, Т.Исабаев көшесінің тұрғыны, 4 баланың анасы Нәзира Турдиеваға аудандық мәслихаттың депутаты Қуат Жүнісов өз қаражатынан азық-түлікпен, керек-жарақ заттармен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті.
Дәл осындай көмекті мәслихат депутаты Бақтыхан Оразбаева Весняна Беловаға көрсетті.
Бұл аталған көмектің бастамасы ғана. Әлі де болса, тыңда жатқан көмектер өте көп. Халықтың жағдайын ойлаған жандар бар да, көптеген қолы қысқа жандардың тұрмысы оңалары сөзсіз.