
2019 жылдың 31 шілде күні аудандық Мәдениет үйінде Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Мұрат Жәлелұлы Ұрұмхановтың қатысуымен Көксу АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі Рамиль Раифұлы Гимадиевтің аудан халқының алдында есеп беру кездесуі өтті.
Кездесуге облыстық полиция департаменті штабының бастығы, полиция подполковнигі Людмила Теряева, облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ерғали Абілғазинов, облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы, полиция полковнигі Марат Күштібаев, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрдаулет Кененбаев және аудан тұрғындары қатысты.
Кездесудің мақсаты – аудан халқының алдында ПБ-нің бастығы, полиция подполковнигі Рамиль Гимадиевтің халық алдында есеп беріп, туындаған өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастыру.
– Жалпы аудандағы қылмыстық ахуал тұрақты және үнемі бақылауда. Ағымдағы жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша ауданда тіркелген қылмыстардың жалпы саны 18,2 пайызға азайып, ал оларды анықтау өткен жылмен салыстырғанда 1,1 пайызға жақсарды. Көксу ауданының полиция бөлімінде штат бойынша он ауылдық округке бекітілген 11 учаскелік полиция инспекторы бар. Олардың халық арасында беделін арттыру мақсатында, аудан әкімінің қолдауымен қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердің тұрғындарымен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату үшін тұрғын үймен біріктірілген 9 учаскелік полиция пункті салынып, пайдалануға берілді. Әрбір учаскелік пункт телефонмен, компьютерлік техникамен және қажетті жиһазбен жабдықталған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша шаралар қабылдануда. Қазіргі таңда қоғамдық орындарда, оның ішінде көшелерде, аудан орталығында адамдар көп жиналатын жерлерде жасалған қылмыстар санының артуына бейнебақылаудың болмауы өзекті мәселе болып тұр. Соңғы 2 жылда аудан орталығында 8 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда. Сонымен қатар ауданда «Көршілер бақылауы» алдын алу бағдарламасы жұмыс істейді. Әрбір тұрғын кез-келген қылмысты және құқықбұзушылық фактілерін 4-26-26 нөмірі арқылы хабарлай алады. Жыл басынан бері 235 хабарлама келіп түсіп, заң бойынша шара қолданылған. Есеп беру кезеңі бойынша қабылданған шаралармен бөтен мүлікті ұрлау, соның ішінде пәтерді 21,9%, малды 17,2 %, көлік ұрлау 28,6% сияқты елеулі қылмыстардың саны қысқарды. Өткен жылмен салыстырғанда пәтер ұрлығының ашылуы 92,3% - дан 92,9% - ға дейін, мал ұрлығы 86,7% - дан 92,3% - ға дейін артты. Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстық кодекске белгілі барлық қылмыстардың ең көп таралған түрі болып табылады. Талдау көрсетіп отырғандай, ұрлықтың басым бөлігін жергілікті тұрғындар еркін қол жеткізу арқылы жасайды. Сондықтан бүгінгі күні ұрлыққа қарсы күрес өзекті мәселелердің бірі болып отыр және қылмыстың бұл түрін болдырмау, алдын алу бойынша түрлі шараларды қабылдауды талап етеді. Барлық осы жағдайларды ескере отырып, біз осы қылмыс түрінің алдын алудың барлық мүмкін болатын шараларын қолданамыз, ол проблемалық мәселе болып табылады және аудан тұрғындарының өмір сүру деңгейіне әсер етеді. Жыл басынан бері тиісті құжаттарсыз мал тасымалының 45 фактісі анықталып, нәтижесінде мал иелеріне қатысты 29 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 1 454 500 теңгеге айыппұл салынды. Кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстардың жасалуына жол бермеу бойынша шаралар кешенді қабылдануда. Осы мақсатта полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың қараусыздығы фактілерін анықтау мақсатында ойын-сауық мекемелерінде рейдтер өткізеді. Есепті кезеңде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың саны 6-дан 2-ге дейін азайды. Сол сияқты, қараусыз жүрген малдарды ұстау үшін рейдтік шаралар жүргізіледі. Сонымен бірге, ауыл әкімдіктерімен бірлесіп, үш жақты келісімшарттар жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта осындай 147 келісімшарт жасалды, онда малдың жалпы саны 2671 бас. Аудан орталығында, әкімшіліктің қолдауымен, айыппұлдық мал бағатын тұрақ ашылып, онда қараусыз қалған барлық малды орналастырады, - деп сөзін қорытындылады Рамиль Раифұлы.
Келесі сөз «Сигнал» ЖШС күзет агенттігі директорының орынбасары Евгений Камаловқа берілді. Ол өз сөзінде аудандық полиция бөлімімен тығыз жұмыс жасап, қылмысқа жол бермеуге жұмыс жасап жатқанын айтты.
Жиын соңында аудан тұрғындары өздерін мазалаған сауалдарын қойып, ұтымды жауап алды.
Жиын аяқьалған соң көпшілік қауым аудандық полиция бөлімінің алдына қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған қызметкерлерге арналған ескерткішті ашып, гүл шоқтары қойды.
Облыс және аудан әкімі полиция органдарының жұмысына қолдау көрсетіп отырады, себебі, полиция қызметкерлерінің жұмыстары жоғары көрсеткіштерге жету үшін бүгінгі таңда жаңа технология, жаңа көлік, біріктірілген үй мен учаскелік полиция пункттері салынып, қолданысқа беріліп жатыр.
Кез-келген аудан тұрғыны Көксу ауданы полиция бөліміне тәулік бойы жұмыс жасайтын телефондар бойынша қоңырау шалып, жасалған қылмыс туралы немесе басқа ақпарат, шағым қалдыра алады. Полиция қызметкерлерін қоғамдық бағалаудың маңызды критерийлерінің бірі – халықтың ішкі істер органдарына деген сенімі.
Полиция қызметкерлері күнделікті қызметтерінде адамдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғап келеді. Халық көп жағдайда биліктің демократиялылығы мен пәрменділігін олардың іс-әрекеттеріне қарап бағалайды.
Полицияда қызмет істеу – маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Сіздерге қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес, оның алдын алу бойынша күрделі міндеттер жүктеледі.
Қазақстандық полиция өзінің құрылған күнінен бастап ел Президентінің қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алға қойған міндеттерін табысты жүзеге асырып келеді. Осынау ортақ іске Көксу ауданының ішкі істер бөлімінің ұжымы да елеулі үлестерін қосуда.
Бұл қызметкерлерді әрқашан жоғары кәсіби шеберлік пен өз ісіне деген адалдық ерекшелеп тұратынын және кәсіптеріңіздің қаншалықты қиын, тіпті кей жағдайларда аса қауіпті де екенін жақсы білеміз.
Біздің халқымыздың бейбітшілігі мен тыныштығы - бұл Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Берген антына адал полиция қызметкерлерінің бұдан кейін де мақтаулы дәстүрлерді нығайтатынына, дамытатынына және азаматтардың мемлекеттің қуатын, құқықтық тәртіптің заңдылығы мен салтанатын сезінуі үшін бар күшін салатынына сенімім мол.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз өзімізді халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, қолдан келгенше түсініп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу - біздің парызымыз» - деген болатын. Біз - осыны әрдайым есте сақтауымыз керек деп есептеймін.
Полиция қызметкерлерінің жұмысы бүгінде және болашақта аудан көлемінде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің сенімді кепілі болады деп сенеміз!