ӘЛЕУМЕТ

«БЖТ: Бейресмилер үшін жаңа тәртіптеме

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 09.08.2019
Оқылды: 413 Печать страницы
«БЖТ: Бейресмилер үшін жаңа тәртіптеме

Еңбекші ауылдық округінде  «Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ):  бейресмилер үшін  жаңа тәртіптеме» атты ауыл тұрғындары арасында насихаттау жұмыстары өткізілді.   

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) режимі формальды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді . Табыс табу мақсатында бейресми кәсібін жүргізіп отырған, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбай, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін немесе олардың жұмысын атқаратын, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін жеке тұлғаларға  ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер болып танылады.

Жаңа тәртіптемені «Бірыңғай жиынтық төлем» енгізу деп ұғынған абзал. БЖТ жобасы Үкіметте сәуірде-ақ таныстырылған болатын, әйтсе де ол кезде қоғамда мұны онша жағымды – «өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға салық» ретінде – қабылдай қойған жоқ.
Шындығында, бұл – азаматтар­дың белгілі бір санатына арналған салықтық тәртіптеме. Еңбек ми­нистр­лігіндегілер бұл формалдық келісімдерден тыс жұмыс істейтін адамдарды «көлең­кеден» шығаруға ынталандырады, дейді.
«Көлік жүргізушілер, үйде отырып жұмыс істейтіндер, тағы да басқаларының жеке кә­сіпкерлер болып тіркелмеуінің не­гізгі себептері: бірінші кезекте, тір­келу мен есептен шығудағы күрделі рәсімдер. Екіншіден – салықтық жүктің қаупі, басқа да ауыртпалықтар. Әлеуметтік сауалнама барысында сұрау салынған адамдардың 50%-дан астамы табыс­тардың өсуі мен тұрақтылығы, тіркеу рәсімін қарапайымдау және төменгі салықтық ауыртпалық жағ­дайында заңдастыруға дайын екенін білдірген», – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министірі Нұржан Әлтаев.
БЖТ-ның бір айлық есептегі кө­лемі қалалар үшін 1 төменгі есептік көрсеткіш және ауылдар үшін 0,5 ТЕК ауқымында белгілеу ұсынылуда. 2018 жылы бұл тиісінше 2405 және 1202 теңге, ал 2019 жылы – шамамен 2525 және 1262 теңге. Оны «Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясы есебіне банктер немесе терминалдар арқылы төлеуге болады деп күтілуде.
Еңбек министрлігінің жоспары бойынша бірыңғай жиынтық төлем бейресми жұмыспен қамтылғандар мемлекетті өз іс-қимылдары туралы ақпараттандырып отыратын құралға айналмақшы. БЖТ аясында олар жеңілдетілген жағдаймен жеке кіріс салығын, зейнетақы қорына (БЗЖҚ) міндетті жарналарды, медициалық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) және әлеуметтік қорға (МӘСҚ) төлей алады.
Жаңа тәртіптемені қолдануға шектеулер бар. БЖТ тек төмендегідей талаптарға ғана жататын жеке тұлғаларға қатысты болмақ:
• жалданбалы жұмыскерлер ең­бегін пайдаланбайды;
• тек жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсетеді;
• жекеше қосалқы шаруашы­лы­ғынан жеке тұлғаларға ауыл шар­уашылығы өнімдерін (акциздерге жататындардан өзгелеріне) өткізеді.
Күнтізбелік жылдағы шектеулі табыс 100 төменгі айлықтан (2018 жылы ол 2 828 400 теңге, ал 2019 жылы шамамен 2 969 800 теңге) аспауы тиіс.
Ұлттық экономика министрлігінде де жаңа салықтық тәртіптеменің азаматтардың өз еңбектерін ресми рәсімдеуге ынталандыратынына сенімді. Төлемнің өзі көлік үшін са­лыққа ұқсас болмақ – ешқандай есеп­тілік пен декларация толтыру жоқ.
«Біз өзін-өзі жұмыспен қамти­тындар мен бейресми жұмыспен қам­тылғандардың кім екенін көрдік. Таксистер, бала күтушілер, репетиторлар, үй техникасын жөндеумен немесе қосалқы шаруашылықпен айналысатындар – олардың бәрі де жұмыс істейді және адал ақша табуда. Бізге хаттар келіп жатты. Азаматтар қарапайым ғана бір-ақ салық төлейтіндей жасауды сұрайды», – деді ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, БЖТ-ны ай сайын немесе аванспен, адамның жұмыс істеп жатқан кезеңіне, төлеуге болады.
Жиынтық төлемді енгізуден бас­қа шенеуніктер жұмыс істейтін халық қатарына жататындар санатын ай­қындап, заңдылыққа «жұмыспен қам­тылған адам» және «өз бетімен жұмысқа қамтылған адам» бірегей терминдерін белгілеуді жоспарлаған. Сонымен қатар, әлеуметтік сақтан­дыру, медициналық сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңдарда төлеушілер санатын бір қалыпқа түсіру де көзделген.

 

 Ардақ БҮРІБАЕВА,

Еңбекші ауылдық округінің бас маманы

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.