ӘЛЕУМЕТ

Тазалық сенбіліктері өтуде

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 31.03.2018
Оқылды: 755 Печать страницы
Тазалық сенбіліктері өтуде

Өткен аптада аудан әкімінің 2018 жылғы 12 наурыздағы №82 өкімімен «Елді мекендерінде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру айлығын өткізу туралы» жарияланған аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес, тазалық айлығын өткізуге құрылған штаб бекітілген іс-шара жоспарымен сенбілікке шықты. Аудан аумағында 34 елді-мекен орналасқан. Елді-мекендердегі 190 көшенің бүгінгі күнге 23 көшесі немесе 12 пайызы күл-қоқыстан тазартылды. Аудан бойынша 8456 ауланың 1046 ауласы тазаланды. Арық жүйелерінің 23км, автомобиль жолдары жағаларының 25 км тазаланды. Тазалық жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі таңға дейін 10 ауылдық округтерден 751 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы күл-қоқыс төгетін полигондарға шығарылды. 2018 жылдың наурыз айынан бастап Көксу ауданы бойынша 3 рет сенбілік өтті. Наурыз айының 20-сы күні жалпы аудандық сенбілік өткізілсе, наурыз айының 28-і күні М.Сеңгірбаев атындағы орталық саябақта «Таза сәрсенбі» атты тазалық күні өткізіліп, ағаштар егілді. Наурыз айының 30-ы күні Мұқыры ауылына барар жол бойы, 4-сәуірде Ақшатоған ауылына барар жол тазаланды.

Айдос КӨКЕТАЕВ,
аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.