ӘЛЕУМЕТ

Халық үшін маңызды бастама

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 11.06.2018
Оқылды: 535 Печать страницы

Елбасы Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  Парламент   палаталарының  бірлескен  отырысында   жариялаған  Үндеуі  миллиондаған  қарапайым   адамның  көкейінде  жүрген  өзекті  мәселелердің  оң  шешімін    табуға  мүмкіндік  беріп  отыр.  Елбасы  айтқандай,  «Қазақстан – ортақ  үйіміз»  идеясы  жаңаша  мағынаға   ие  болуы  тиіс.  Қазіргі  таңда  жүзеге  асырылып  жатқан  игі   істердің  бәрі  Қазақстан  халқына  арналады.  Сондықтан,  Мемлекет басшысы  Парламентте  жаңа  әлеуметтік   бастамаларын   таныстырды.  Бұл – әлеуметтік  жаңғыруға  арналған   ауқымды  бастама. Олар  тұрғын  үй  алу,  салықты   азайту,  жоғары  білімнің  сапасы  мен  қолжетімділігі,   шағын  несиелеу  және  елді   газдандыру.  Осы  орайда Елбасының Үндеуін насихаттау барысында З.Тамшыбай  ауылдық  кітапханасының  ұйымдастыруымен  «Халық  үшін  жасалған маңызды  бастама»  тақырыбында  дөңгелек  үстел  өткізілді.  Шараға  Еңбекші  ауылдық  округінің  әкімі  Асқар  Алпысбаев,  әкімшілік  қызметкерлері,  ауыл  жастары  және  кітапхана  оқырмандары  қатысты. Кітапханашы  бастаманың  басты  бағыттарын  түсіндіріп   өтті.  Округ әкімі  Асқар  Ахметқалиұлы  өз   сөзінде жоғары  білім   алудың   қолжетімділігі  мен  сапасын  арттырып,  студент   жастардың  жатақханадағы   жағдайын  жақсарту туралы айтылған   Елбасының  үшінші   бастамасын   қазақстандық  жастарды  қызықтыратын,  әрі  үміт   сыйлайтындығын  айтып, ойын  ортаға  салды.  Округ әкімшілігінің бас маманы Зарина Тесебаева  - ҚР Президентінің халыққа жолдаған екінші және төртінші бастамасы бойынша өз пікірімен бөлісіп, жұмыссыз жүрген жастарға қолайлы және тиімді тұстарын түсіндіре өтті. Шара барысында «Президенттің бес бастамасы» жан-жақты түсіндіріліп, халық үшін пайдалы, маңызды жақтары айтылды және сұрақтар қойылып, пікір алмасты.

Бибігүл НҮСІПОВА,
 З. Тамшыбай ауылдық кітапханасының
  кітапханашысы.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.