ӘЛЕУМЕТ

Елімізде өнім өндіру артуда

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 16.08.2019
Оқылды: 315 Печать страницы
Елімізде өнім өндіру артуда

Биылғы алты айда елімізде сүт өндірісі ұлғайып, 2,9 млн тоннаға жеткен. Бұл бағытта Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында көш бастадық. Елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 3,8 процентке артты. Еуразиялық экономикалық комиссия ұсынған дерек бойынша жыл басынан бері көршілес Ресейдегі өсім -1,2%, Қырғызстанда – 1,7%, Беларусьте 0,2%-ке жеткен. Ал, Армениядағы көрсеткіш керісінше 6,5%-ға төмендеген. Айта кетейік, елімізде алғашқы жарты жылдықта 870 мың тонна мал мен құс еті өндірілді. Бұл да одақтағы жоғарғы көрсеткіш. Жалпы қаңтар мен маусым аралығында одақ аясындағы ауылшаруашылық өнімінің көлемі 32,5 млрд долларға жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2%-ға артық.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.