ӘЛЕУМЕТ

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ЖИЫН

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 20.08.2019
Оқылды: 415 Печать страницы
ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ЖИЫН

Тамыз кеңесі - бұл тамыры терең, тағылымы мол, айтары айқын, мақсаты тың тақырыптарды талқыға салатын - жауапты жиын. Жыл сайынғы өтетін дәстүрлі тамыз кеңесі биылда өз деңгейінде жақсы өтті.

Президенттің ағылшын тіліне байланысты ұсынысы көпшіліктің қолдауына ие болып, қызу талқылануда. Мені де қуантқаны осы жағдай. Мемлекет басшысы ағылшын тілін 3 немесе 5 сыныптан бастап оқытуды тапсырды. Менің ойымша, қазіргі балаларға 3 сыныптап бастап оқытылғаны әлбетте дұрыс деп ойлаймын. Себебі, жаңадан оқуға келген бала бірден үш тілді меңгере алмайды.

Білім министрінің "қайтадан Әліппені енгіземіз" дегені қуантты. Өйткені, Әліппе - біздің бала күніміздің естелігі, алғашқы оқулығымыз. Сондықтан да, әр бала ең алдымен осы Әліппеден сусындауы керек деп ойлаймын.

 

Айгерім АРТОМОНОВА,

аудандық "Жастар ресурстық орталығының" маманы.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.