ӘЛЕУМЕТ

ҰСТАЗ ДЕГЕН ҰЛЫ ЕСІМ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 20.08.2019
Оқылды: 431 Печать страницы
ҰСТАЗ ДЕГЕН ҰЛЫ ЕСІМ

Өткен жұма күні жыл сайынғы үрдіске сай келетін, барлық ұстаздар асыға күтетін "Тамыз кеңесі" өтті. Биылғы Тамыз кеңесі жылдағыдан өз форматы бойынша ерекшеленді. Шешімін таппай келе жатқан бірқатар келелі мәселелердің шешімі табылып, Президент тарапынан нақты тапсырмалар берілді.

Соның ішінде педагог кадрларының құрамы мен кәсібилігі, білім сапасын көтеру үшін кешенді шаралар ретінде мұғалімдердің біліктілігіне қатысты айтылған Президенттің тапсырмасы өте орынды болды. Ал «Педагог мәртебесі» туралы заңның қолданысқа енгізілу мерзімі бекітілді. Бұл – барлық ұстаздар асыға күткен аса маңызды құжат. Бұдан бөлек, білім беру жүйесін цифрландыру,  заманауи ғылым және оны дамыту жолдары төңірегінде министрлік бірқатар міндетті айқындады. Аталған мәселелер – кезек күттірмес шешімді қажет ететін өзекті тақырыптар.

Мұғалімдердің жалақысын көтеріп, 5 күндік жұмысқа көшіру - бұл да ұстаздардың мәртебесінің көтерілгенін айғақтайды.

Ұстаз еңбегі қызықты да, қуанышты болғанымен, өз ауырт­палықтары бар. Сондықтан мұғалімнің зейнетке шығу жасын қайта қарау да өте орынды.

Әлемге аты белгілі қылышынан қан тамған ,патша, әлемдік державаның басшысы, адамзат тарихының ең ұлы қолбасшыларының бірі Александр Македонский: "Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал ұстазымнан өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым"-деген екен. Иә, расында солай секілді.  Себебі, ұстаз деген-  ұлы есім.

 

Айгүл АЙМАНБЕКОВА,

аудандық "Нұрлы Көксу" газетінің директоры.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.