
Осы жылдың 5 шілдесінен бастау алып, қыркүйек айына дейін жалғасатын акцияның мақсаты– мектепке келуге мүмкіндігі жоқ аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға қамқорлық көрсетіп, мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке дайындауда көмек көрсету және оларға толықтай білім алуға жағдай жасау. Республикалық «Мектепке жол» акциясына барлық деңгейдегі мекеме басшылары, аудан әкімі, ауылдық округ әкімдері, кәсіпкер азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, аудандық білім бөлімі, сондай-ақ, мектеп басшылары атсалысуда. Бүгінгі күні 200 балаға 2 млн теңгенің материалдық көмегі көрсетілді. Республикалық акция әлі де жалғасуда.