ӘЛЕУМЕТ

«Bіlіm jáne Ǵylym!»

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 23.08.2019
Оқылды: 389 Печать страницы
«Bіlіm jáne Ǵylym!»

Білім және ғылым. Биылғы тамыз конференциясы дәл осындай ұранмен өтті. Оған қатысу үшін 2 мыңнан астам ұстаз келген. Тамыз кеңесінде олар өздерін толғандырған мәселелерін атап, сауалдарына жауап алғысы келді. Республикалық маңызды шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.
Шара басында еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұстаздар сөз сөйледі. Олар оқушыларға қосымша білім беру, үйірмелерге қатыстыру, ата-аналар қауымдастығын құруды ұсынды. Ел Президенті білім саласындағы басты түйткілді мәселелерге тоқталды.

Қадірлі ұстаздар! Құрметті әріптестер!

Дәстүрге айналған Тамыз конференциясы – ұстаздар қауымы бас қосатын ауқымды әрі маңызды жиын. Әр адам қандай жетістікке жетсе де, білім берген ұстаздарын ерекше қадірлейді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәртебелі мамандық иелеріне деген ықыласы ерекше екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Мен де бүгін Сіздермен кездесу үшін осы жиынға арнайы келіп отырмын. Ең алдымен, білім және ғылым саласының барлық қызметкерлеріне шынайы ықыласымды білдіремін. Сіздер еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез», – деп ұлы Абай айтқандай, ұстаз – әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет. Сіздердің арқаларыңызда тұтас бір буынның құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халқымыз. Ұстазсыз адам болмайды. Бәріміз де кезінде мұғалімнің тәлімін алып, білімін үйрендік. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет. Тарихы терең дәстүр сабақтастығы ұлттық тәрбие арқылы беріледі. Мағжан Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде: «Әрбір тәрбиеші баланы ұлт дәстүрімен тәрбиелеуге міндетті» дейді. Ұлттық құндылыққа қанығып өскен өреннің танымы терең, ділі берік болады. Ата-бабалар аманат еткен ұлан-ғайыр даланы аман сақтау, ең алдымен, жас буынға артылатын зор үміт. Кейінгі ұрпақ тәуелсіздігіміздің туын әрқашан жоғары ұстауы тиіс. Қазіргі жаһандану дәуірінде жаңа технологияның қарқынды дамуы өмірімізге түбегейлі өзгерістер әкелді. Адам капиталына, білім саласына қойылатын талаптар мүлдем өзгеше. Сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналды. Ұлы Абай үнемі сынға алған масылдық қоғамға ешқашан жақсылық әкелген емес. Соны түсінетін жастарымыз тек біліммен қаруланып, еңбекке ғана арқа сүйеуі тиіс. Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс. Сондықтан, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның жарқын болашағы. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті.
БІРІНШІ МӘСЕЛЕ. Білім сапасын көтеру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Бұл, алдымен, мұғалімдердің біліктілігіне, оқулықтардың сапасына, заман талабына сай инфрақұрылым мен материалдық қорға байланысты мәселелер. Аталған бағыттар бойынша тиімді жұмыс істеу қажет, яғни туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешудің оңтайлы жолдарын ұсыну керек. Білім беру жүйесінің сапасына теріс ықпал ететін тағы бір кедергі – ұсынылатын реформаларда педагогтардың нақты қажеттіліктерінің есепке алынбайтыны. Бүгінде мұғалімдерді кәсіби тұрғыдан дамыту Білім және ғылым министрлігінің салалық құрылымдары өткізетін курстармен және семинарлармен шектеледі. Мұндай шаралардың қажет екені түсінікті. Дегенмен, аталған курстарда мұғалімдер қауымын толғандыратын өзекті мәселелер назарға алынбай қалады
ЕКІНШІ МӘСЕЛЕ. Тәрбие – сапалы білімнің негізгі арқауы, діңгегі. Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөзі барша білім саласы қызметкерлерінің бой түзер бағдары болуы тиіс. Еліміздің жастары өзін жеке тұлға ретінде дамытумен қатар, мемлекеттің озық инновацияларға сай өркендеуіне зор үлес қосуы қажет. Бұл – қазіргі білім және тәрбие беру үдерісінің алдында тұрған маңызды міндет. Отандық білім саласы туған жеріңе, қоршаған ортаңа, өз тарихыңа құрметпен қарауға тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуі тиіс. Кең ауқымда өтіп жатқан «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясын дәл осындай бағыттағы өте қажетті, дұрыс бастама деп санаймын. Мұндай шараларға әрқашан қолдау көрсете береміз
ТРЕТЬЕ. Необходимо определить дальнейшую стратегию развития среднего образования.
Сегодня в мире сложился определенный стандарт общего среднего образования, рассчитанный на 12-летнее обучение.
Сохраняется также тенденция увеличения продолжительности учебного процесса в начальной школе.
ЧЕТВЕРТОЕ. Требует своего решения проблема трехсменных и малокомплектных школ.
Необходимо также предусмотреть и строительство частных школ через механизмы государственно-частного партнерства.
Приоритетным вопросом является эффективное развитие малокомплектных школ. Многие отдаленные населенные пункты существуют только благодаря школе.
Әрбір шағын комплектілі мектептің ахуалы ауыл тағдырымен тікелей байланысты. Ал, ауыл – біздің алтын бесігіміз.
Ата-бабамыздың мекені, терең тарихымыздың куәсі. Сондықтан, оны сақтап қалуымыз керек.
БЕСІНШІ МӘСЕЛЕ. Үштілді білім беру жүйесін енгізу – күн тәртібіндегі өзекті тақырып.
Ең алдымен, бұл мәселені жан-жақты талдап, салмақты шешімге келу қажет.
Бұл – өте маңызды. Үштілді жүйеге көшу оқытушылар мен білім беру бағдарламаларының дайындығына қарай жүзеге асады.
Бұл ретте, ғылыми-жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту білім орталықтарының кадрлық мүмкіндігіне қарай, оқушылар мен ата-аналардың қалауы бойынша іске асуы тиіс.
ШЕСТОЕ. Важно осуществить реальное повышение статуса педагога.
Все, о чем мы сейчас говорим, напрямую зависит от учителей.
Для повышения конкурентоспособности нации нам необходимо на деле добиться высокого статуса для наших педагогов.
В проекте Закона «О статусе педагога» предусмотрены комплексные меры поддержки.
Это и сокращение нагрузки учителей, и гарантия защиты чести и достоинства, и материальные стимулы.
Важнейшие из них – доплата в двукратном размере за классное руководство и проверку тетрадей; увеличение периода отпуска для всех педагогов до 56 дней; доплата за степень магистра и другие меры.
Отдельно предусмотрены нормы по сокращению нагрузки на педагога, установлению запрета на привлечение к несвойственным функциям, предоставление чрезмерной отчетности, проведение необоснованных проверок.
Несмотря на декларируемое сегодня повышение зарплат учителей, многие доплаты исчисляются от базового должностного оклада.
СЕДЬМОЕ. Важно преодолеть образовательное неравенство.
Данная проблема актуальна для многих развитых стран и тесно связана с социально-экономическим благополучием населения.
У нас не должно быть различий в уровне образования между детьми в городе и на селе. Стандарты образования должны быть едиными. То же самое касается и программ образования.
Все дети независимо от места проживания или социального статуса их родителей должны иметь доступ к качественному образованию.
ВОСЬМОЕ. Необходимо обеспечить прозрачность финансирования науки.
Распределение грантового финансирования по итогам прошлых конкурсов показало необходимость совершенствования работы национальных научных советов и обеспечения прозрачности финансирования науки в целом.
Процедура отбора заявок также вызывает нарекания в силу своей громоздкости и закрытости.
В научной среде отмечается недоверие к системе финансирования, а также определенный раскол между возрастными и молодыми учеными.
Поэтому поручаю Правительству разработать концепцию дальнейшего институционального развития науки с выходом на конкретные практические предложения.
Отдельно хотел бы обратиться к родительской общественности.
Известный педагог Василий Сухомлинский отмечал: «Ребенок – это зеркало семьи; как в капле воды отражается солнце, так в детях отражается нравственная чистота матери и отца».
Поэтому роль родителей в развитии детей трудно переоценить.
Нельзя перекладывать всю ответственность за обучение и воспитание наших детей на детские сады и школу.
Именно в семье формируется личность. Все родители должны об этом помнить и воспитывать своих детей в атмосфере уважения к труду учителей.

Құрметті форумға қатысушылар!

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек» деген сөзі бар. Осыған орай, барлық мақсат-міндеттер Үкімет әзірлеп жатқан «Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» толық қамтылуы тиіс. Бұл бағдарламаның жобасын халықпен кеңесіп, кеңінен талқылау қажет. Бұған қажетті ресурстар жеткілікті. Баршаңызға жаңа оқу жылында табыс тілеймін

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.