ӘЛЕУМЕТ

Семинар өтті

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 12.09.2019
Оқылды: 369 Печать страницы
Семинар өтті

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні аудандық әкімшілікте «Алматы облысындағы ЖК «Каримов» фермасының тәжірибесін қолдана отырып, үлгілі сүт фермаларын тиімді басқару туралы семинар жиын өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрдаулет Кененбаев, «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми - зерттеу институты» ЖШС өкілдері,  аудандық шаруалар қатысты.
Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландырудың Жол картасын іске асыру аясында 2018 жылдан бастап олар республиканың әртүрлі аймақтарындағы әртүрлі ауылшаруашылық кәсіпорындарында жүзеге асырылды, онда «ақылды» сүт фермаларын құру жобалары енгізіліп отыр. Бағдарлама Ауыл шаруашылығы министрлігі бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Ахметов Еркебұлан Қаратайұлының қолдауымен іске асырылады.
Сүт өндіру мақсатында сауынды сиыр тұқымын молайтуды қолға алу көптеген тұжырымды, тексерілген факторларға негізделген. Олардың барлығы жобаның болашағы мен құрылу стратегиясын нақтылайды. Сондықтан да саланың дамуына кедергі келтіреді-ау деген барлық түйткілдерді шешіп алу керек. Ол факторлар кедергі келтірмей, қайта қарқынды дамуға ықпал етуі тиіс. Осы жайында «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми - зерттеу институты» ЖШС өкілдері жиында толығымен айтып берді.
    Сүтті мал басын молайту үшін ең алдымен нақты стратегия болуы шарт. Бұл салаға ғылыми-техникалық прогрестің араласуы ыңғайлы. Себебі, ең алдымен барлық әрекеттің техникалық бөлімін дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Сонымен бірге, сүт бағытындағы мал басын көбейтудің болашағы малдың күтімі, қоректендіру, сауу технологиясын жетілдіруге тікелей байланысты болмақ. Бүгінгі заманауи әлемде сүтті мал басын арттыру мен сүт өндіру толықтай механизация мен автоматтандырылуды талап етеді, сонда ғана саланың дамуына даңғыл жол ашылады. Өндірістің бүгінгі ауқымы аграрлық саясаттың мақсаттылығын алға созып, мал шаруашылығының сүт өндіру саласын дамытудың тиімді шараларын жедел қабылдауды қажетсінеді.
    Жұмыс тобы үлгілі сүт фермаларын тиімді басқару, қазақстанда 100 және одан жоғары сиырлардан тұратын үлгілі фермаларды құру, заманауи бағдарламаны тестілеу негізінде бұзау емізетін сиырларды тамақтандыруға арналған нақты диеталар әзірлеу, заманауи көбею әдістерін қолданудың әртүрлі тәсілдерін салыстырмалы талдау, сиыр тұрағындағы климатты бақылауды оңтайландыру,  жем дайындауға арналған дақылдар, сүт фермаларындағы экономикалық көрсеткіштер туралы толығымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Институт өкілдері жалпы саны 862 басты құрайтын, оның ішінде 400 бас сауылатын, сүттің тәуліктік жалпы сауымы тәулігіне 12 тонна беретін жеке кәсіпкер «Каримовтың» фермасына барды. Балпық би ауылында жеке кәсіпкер Рахым Каримов тауарлы - сүт фермасын 2017 жылы іске қосқан. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүзеге асырылған жоба құны 1,3 млрд теңге. Шаруашылыққа Германиядан 334 бас «Голштейн» сиыры әкелінді. Қазіргі таңда 400 басы бұзаулап, 4 роботтандырылған кешенмен сауылып жатыр. Әр сиыр тәулігіне 30 литр сүт береді. Әр бастың жылдық өнімділігі 9 мың тонна сүт. Бұл инновациялық жобаның басты мақсаты –  өңірде сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамытып, жергілікті өндіруші кәсіпорындарды сапалы өніммен қамту. Жыл соңына дейін тауарлы-сүт фермасы 66 тайынша әкелуді жоспарлап отыр. Ал, шаруашылықта 25 адам еңбек етеді.
Кәсіпорынның жұмысымен танысқан институт өкілдері жалпы елімізде осындай заманауи бағыттағы фермалардың саны артатынына сенім білдірді.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.