
Техника сынбай, тозбай тұрмайды. Сапасыз жөндеген техниканың жарамдылығы да көпке бармайды. Осыны түсінген Балпық ауылының тұрғыны Мереке Мұқамедқалиев шағын «шиномонтаж» нысанын ашады.
Ол мамандармен кеңесе келе, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы 5 жылға 1,5 млн. теңге несие рәсімдейді. Алдымен дөңгелек жөндеуге қажетті станок, компрессор және басқа да қажетті құрылғыларды сатып алған. Ауыл орталығында орналасқан оның жұмыс орны әрі-бері жолаушы тасымалдайтын әрбір автокөлік иесіне қолжетімді. Машина ақаулы болған жағдайда дереу Мерекенің қызметіне жүгінуге болады. Әп-сәтте құрал-сайманын сайлаған шебер өз ісін сапалы жасайды.
Қос кәсіпті қатар алып жүруге дағдыланған ол күніне 3-4 автокөлікті жөндесе, көліктің 10-15 доңғалағын қайта қалыпқа келтіреді екен. Көмекшісі Бауыржан Армия екеуі жасалған жұмыстың сапалы болуына мұқият зер салады.
Еңлік ҚАБДЕШ
Көксу ауданы