ӘЛЕУМЕТ

ҰБТ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 03.07.2018
Оқылды: 594 Печать страницы
ҰБТ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

Тағы бір оқу жылы аяқталып, өз мәресіне жетті. 11 жылғы білімді сарапқа салу – оқушымен қатар, ұстаздар мен ата-аналарды да толқытары анық. Дөңгелектегі тағдыр биыл да түлектердің тағдырын шешіп, үлкен өмірге қанат қақтырды. Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы еліміздің білім беру жүйесіне 2004 жылдан бастап енгізіліп келеді. Одан бері де тестілеу сынағына бірқатар өзгеріс енген. Жалпы, Ұлттық тестілеу орталығы мемлекеттік тапсырыс төңірегінде тест тапсырмаларын жыл сайын 35 пайызға дейін жаңартып отырады. Ал, биыл ҰБТ сұрақтары 50 пайызға жаңартылды. Былтыр 80 мың сұрақ өзгертілсе, үстіміздегі жылы 120 мың сұрақ қайта жаңарудан өткен. Оның 11 пайызы функционалдық сауаттылықты анықтауға арналса, 37 пайызы тест тапсырмаларының жауабы бір немесе одан да көп нұсқамен белгіленген. Бұл сұрақтар оқушының ой-зерде қабілетіне, сондай-ақ таңдау пәнін жан-жақты түсінуге септігін тигізбек. Әлемдік стандартқа сай әзірленген. Бұл жайында баспасөз жиынында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов хабарлаған болатын.

Аудан бойынша 25 мектеп жұмыс істеді. Барлық 11 сыныптардағы оқушы саны – 472, оның ішінде қазақ тілінде білім алушылар саны - 498, орыс тілінде білім алушылар саны – 74. Жалпы орта мектеп курсын “Алтын белгі” белгісіне 22 оқушы, "Үздік" аттестатқа үміткер 25 оқушы бітірді. Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға ниет білдіргендер – 290 оқушы, 268 оқушы қазақ тілінде, 22 оқушы орыс тілінде тест тапсырды. Аудан мектептері ҰБТ-ті 21 маусым күні Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті базасында тапсырды. Аудан бойынша орташа балл – 81,08-ді құрап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда бірнеше пайызға жоғарылаған.

Еліміздің болашағы – жастардың қолында. Қазір білектінің емес, мыңды жығатын білімдінің заманы. Білімді ұрпақ қана болашақты жасай алады. Олай болса, алтын ұя мектептен түлеп ұшқан мыңдаған түлектер тәуелсіз еліміздің тұғырын биік етеріне сенім мол.

 

Әлия ИМАНЖАНТЕГІ.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.