ӘЛЕУМЕТ

Үкіметтік емес ұйымдар мен серіктестік – көңілге сенім ұялатты

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 04.10.2019
Оқылды: 363 Печать страницы
Үкіметтік емес ұйымдар мен серіктестік – көңілге сенім ұялатты

 Қазіргі  таңда аудан  көлемінде «Рухани  жаңғыру» бағдарламасын  іске  асыру жұмыстары  кезең-кезеңімен  іске  асырылып, халықтың  ықыласына  бөленуде.  Мемлекеттің де  идеология және  экономика  саласында Үкіметтік  емес және  азаматтық институттармен бірлесіп,  мемлекеттік  саясатты халыққа насихаттап  түсіндіру  бағытындағы жұмыстар жылдан  жылға  жаңа  сипатта  қарқын  алып  келеді. Дана халқымызда «келісіп  пішкен  тон  келте  болмайды»  деген  ұлағатты  сөз бар. Осы  бағытта аудандық  ішкі  саясат бөлімі  мемлекеттік  мекемесінің  бөлім  басшысы Азамат Болатұлының қолдауымен   бірқатар  мемлекеттік  бағдарламалар мен ұлттық  идеологияны насихаттайтын  маңызды  тақырыпта бірнеше  лоттар бойынша республика  аумағында ашық  конкурс  жариялады. Нәтижесінде «Болашақ бағдары» деп  аталатын қоғамдық  бірлестік  конкурс  жеңімпазы  болып  танылды.  Аталған  қоғамдық  бірлестік  жетекшісі Нұржан Маратұлы жас та болса бас болуға  лайық екенін  көрсетіп,  ішкі  саясат  бөлімінің  қолдауымен  ауылдық  округтерде  іс-шаралар  өткізді. Атап  айтсақ, тамыз  айында Балпық би  ауылында отбасы және  гендерлік мәселелерді  қамтыған «Отбасы тәрбие бастауы»  атты  кездесу ұйымдастырылып,  Абай атындағы ұлттық  педагогикалық  университетінің аға  оқытушысы, PҺD докторанты Нұрғайша Кудушеваның лекциясы  тыңдаушылардың  көңілінен  шықты. Қыркүйек  айында Айнабұлақ, Алғабас, Лабасы,   Жарлыөзек, Мұсабек, Мұқаншы  ауылдық  округтерінде  «Ел мақтанышы – Мемлекеттік Рәміздер» тақырыбында семинар  тренинг өткізіліп, оған мемлекеттік Рәміздерге  жауапты  жұмысшы  топ мүшелері,  аналар кеңесі, қоғамдық  келісім кеңесі мүшелері, жастар, құқық  қорғау  органдарының   мемлекеттік  мекемелері, мәдениет  саласы мен  үкіметтік  емес  ұйым өкілдері қатысып,  белсенділік  танытты. Аталған  іс-шара спикерлері Республикалық мемлекеттік  мекеме техникалық  реттеу  және метрология комитетінің Алматы  облысы  бойынша  департаментінің  бас мамандары Гүльзар Нұрсұлтанқызы, Марат Төлеубекұлы,  маман Алтынай Қайратқызы сынды кәсіби  мамандардың   баяндамалары  Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын және  олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін Конституциялық заңның  талаптарын бұза  отырып  пайдалану және осы  мемлекеттік  рәміздерді қорлау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа әкеліп  соғатынын  түсіндірді. Нәтижесінде елдің  елдігін  танытатын  айрықша  белгілер ТУ, Елтаңба, Гимнді әрбір Қазақстан  азаматы  мойнына  тағатын  бойтұмардай қасиет  тұтуы – қасиетті  парызы  екенін  жете түсіндірді. Бұл  іс-шаралардың  ең  басты  құндылығы Тәуелсіздіктің  28  жылында азат  ойлы,  шынайы  патриот  жастардың  өсіп  жетіліп,  қоғамдық  ұйым  құрып,  ел  идеологиясы  мен Мәңгілік  ел  идеясына  өз  үлестерін  қосуында. Осындай  игі  істің   көшбасшысы  болып, мемлекеттік  саясатты   халыққа  жеткізіп,  көңілге  сенім  ұялатқан   «Болашақ бағдары» қоғамдық  бірлестігінің  басшысы Илипов Нұржан Маратұлына  алда  алар  асуларың  көп  болсын,  қызметте  биіктен биікке  көтеріліп, көптің  алғысына  бөлене  бер  демекпіз.


Дәлелхан ЖӘНІШ,
аудан  әкімінің  жанындағы Қазақстан Республикасының  мемлекеттік Рәміздерін  қолдану  және насихаттау  жөніндегі  комиссия  хатшысы

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.