ӘЛЕУМЕТ

«Мектепке жол» республикалық акциясының өтілуі туралы

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 07.10.2019
Оқылды: 401 Печать страницы
«Мектепке жол» республикалық акциясының өтілуі туралы

Көксу ауданында 2019 жылдың 5 шілде  - 30 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 4 шілдедегі «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу туралы № 3-15-3/2717-И тапсырмасына және  Алматы облысы әкімінің 2019 жылдың  5 шілдедегі «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы» № 78 –ө н/қ  өкіміне негізінде республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Акцияны ұйымдастырып өткізу жөнінде аудан әкімінің 5 шілдедегі № 112-ө н/қ өкімі мен аудандық білім бөлімінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 304/1 –б н/қ бұйрығы қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітілді. 
Көксу ауданының білім беру ұйымдарында акция жөнінде билборд жасалып, орнатылды. Сонымен қатар, барлық елді мекендерде акция туралы және акцияға шақыру хабарламалары ілінді. 
 «Мектепке жол» акциясы аясында әр мектепте «Жүректен жүрекке» ұранымен қайырымдылық шаралары бекітілген кестеге сәйкес өткізілді. Шара барысында аудандағы жеке кәсіпкерлер, демеушілер, сонымен қатар,  барлық мемлекеттік мекемелер,  әр мектеп директоры мен орынбасарлары мұқтаж балаларға көмек көрсетті.
Акция бойынша 5 шілде 30 қыркүйек  аралығында   шаруашылық, базар, қолайсыз отбасы, автокөлік жуу және жанармай бекеті,  жертөле, вокзал, көңіл көтеру орындары, компьютерлік ойын орындарына, барлығы 225 рет рейдтер жүргізілді. Рейдтерге 265 тұлға қатысты   Рейдтер барысында оқумен қамтылмай отырған балалар анықталған жоқ.
 2019 жылдың 30 қыркүйегіне   республикалық «Мектепке жол» акциясы барысында 481 балаға 4 млн 846 мың  (төрт млн сегіз жүз қырық алты мың) теңгеге демеушілік көмек арқылы  материалдық көмек көрсетілді. 
Барлық демеушілерге көрсеткен көмектері үшін Көксу ауданының білім бөлімі атынан шексіз алғыс білдіреміз.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.