ӘЛЕУМЕТ

Жаһандық сауалнама жүргізу туралы ақпараттық хабарлама

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 09.10.2019
Оқылды: 353 Печать страницы
Жаһандық сауалнама жүргізу туралы ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 11 қыркүйек пен 30 қараша аралығында Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ересек тұрғындарға темекі өнімдерін қолдану туралы маңызды сауалнама жүргізілетінін хабарлаймыз.
АЕО қызметкері үй шаруашылығын (пәтер, үй, жатақхана) ғылыми іріктеу жолымен анықталған болады және электронды құрылғы (планшет) көмегімен үй шаруашылығының (отбасының) бір тұрғынынан темекі өнімдерінің әр түрлерін пайдалану (пассивті темекі шегу, экономикалық аспектілер, білім және темекіге қатысты) мәселелер бойынша сұрайтын болады. АЕО қызметкерінде өзімен бірге фотосуреті және аты-жөні (бейдж) бар интервьюер куәлігі, АЕО-ның темекіні пайдалану бойынша сұрау туралы ақпараттық хаттарының көшірмелері бар.
Бұл жобаның табысы үшін әрбір таңдалған респонденттің сауалнамаға қатысуы өте маңызды. Сауалнамаға қатысушы ұсынатын ақпарат толық құпиялылық жағдайында сақталады. Жеке ақпарат басқа біреуге, оның ішінде отбасының басқа мүшелеріне хабарланбайды.
Сауалнама нәтижелері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықтың денсаулығын сақтау мақсатында пайдаланылатын болады.
Қосымша ақпаратты 8 (7172)55-24-34 телефон арқылы алуға болады. 

Қатысу үшін алғыс айтамыз!»

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.