
2019 жылдың 8 қазан күні аудандық төтенше жағдайлар бөлімі от жағу маусымы кезеңі бойынша брифинг өткізді.
Аудан аумағында 2019 жылдың 9 айында 27 өрт жағдайы тіркелген. Оның ішінде 4 өрт жағдайы тұрғын секторда орын алған.
Төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында үй секторларында өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі айлықты өткізіп тұрады. Оның негізгі мақсаты – азаматтардың меншігін, жеке мүліктерін және өмірін өрттен, улы газдан уланудың алдын алу болып табылады. Айлықты өткізу кезінде Балпық би ауылының №8 ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп аудан аумағында орналасқан 1154 тұрғын үй араланып, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу барысында 2308 адамға тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелері үйретілді. Аудандық ТЖБ қызметкерлерімен Көксу ауданының «Халыққа қызмет көрсету орталығының» қызметкерлері арқылы 400 дана жадынамалар таратылды.
Қазіргі таңда тұрғын секторда адам өліміне әкелетін өрттер көбейіп келеді. Олардың негізгі себептері: пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережесін бұзу, отпен абайсыздық салдарынан, мас күйінде төсекте темекі шегуден, тұрмыстағы газ және басқа жабдықтарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережесін бұзу және қасақана от қою болып табылады.
Ал тұрғын секторда адам өлімінің негізгі себептері: жоғары температураның әсер етуі, азық-түлік жануының әсер етуі, улы газбен уланудан, басқа себептермен қаза болады.
Ауданның тұрғын секторында өрт қауіпсіздігін күшейту, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен ұдайы түрде және от жағу маусымының алдында жеке тұрғын сектор тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша алдын алу жұмыстары жүргізіліп отырады.
Көксу ауданының аумағында 10 ауылдық округ бар. Соның ішінде 9582 жеке тұрғын үйлер, 59 көп пәтерлі тұрғын үйлер, және 956 пәтер орналасқан.
Қазіргі уақытта 2019-2020 жылдарға жылу беру маусымында ТЖ бөлімнің инженерлік құрамымен және Балпық би ауылының №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет және тұрғын секторда өрттің алдын алу, адам қазасын болдырмау, жылыту маусымында жылыту пештерін, газ, электр құралдарын пайдалану кезінде улы иісті газбен улану және өрт өсімін азайту, балалардың шалалығынан болатын өртті болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге бағытталған үгіт-насихат жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Атап айтқанда 2019 жылдың 9 айында тұрғын үйлер мен пәтерлер және баракты тұрғын үйлерге аралау жүргізілді. Аталған шараларды тұрғындармен 904 адамды қамтитын 95 жиын өткізілді. Ауданның білім беру мекемелерінде 2417 адамды қамтитын 146 дәрістер, 4 ашық есік күні өткізілді. Баспасөз беттерінде 69 мақала жарияланды.
Жағдайы төмен отбасылардың үйлеріне жергілікті бюджеттен улы газды анықтайтын датчиктерін алу бойынша Көксу ауданының төтенше жағдайлар бөлімімен және аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен, әкімшілік мамандарымен бірлесіп көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға, зейнеткерлерге, аз қамтылған отбасыларға 84 рейдтік шаралар жүргізіліп, 24 көп балалы және аз қамтылған отбасыларға улы газды анықтау датчиктері орналастырылды.
Көксу ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындардан қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларын сұрайды, тек қана Сіздердің абайлаушылықтарыңыз түзелмейтін қатерден және өртті болдырмауға көмектеседі. От – игілік те, апат та екенін естен шығармаған жөн.
Айдана АБДЫКАЛЫКОВА