
Бұлтуралы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы барысындаTechFarmбасқарушысеріктесі Аман Тентиевмәлімдеді. Оныңайтуынша, Қырғызстанның электронды мемлекеттікқ ызметтердің дамуын қамтитын цифрландыру бағдарламасы 2017 жылы іскеқосылды, ал Қазақстандағы электрондық үкімет қызметі 13 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
«Қазақстан –өңірдегі электронды мемлекеттік қызметтердідамытудағы көшбасшы ел. Азаматтаронлайнтіркеліп, интернет арқылы кәсіпкерлікашаалады. Білуімше, бұл– елдеріңізде бес-алты жыл бұрын енгізілген қызмет. Қазақстан бұл бағытқа қомақты инвестиция жұмсаған, сәйкесінше нәтижесін көріп келеді», – дейді Тентиев.
Сонымен қатар Тентиев танымал мэссенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жолдарына жоғары баға берді. «Әзірге Қырғызстанда барлығы мемлекеттік қызметтер порталына цифрлық қолтаңбамен кіру арқылы жүзеге асып жатыр. Болашақта біз де Қазақстанның тәжірибесін ескеріп, қызметтерді әлеуметтік желілер арқылы көрсетуді жоспарлап отырмыз», – деп толықтырды ол.
Сарапшының пікірінше, азаматтарға цифрлық қызметтерді пайдалануды үйрету көп ұзамай өз жемісін береді: «Барлық адам мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі оңай алғысы келеді. Ешкім де ХҚО-ға қызметтерді алу үшінарнайы барғысы келмейді, сондықтан телеграм боттары мен мобильді қосымшалар сияқты қызметтерді алудың балама әдістері дамиды».
Еске сала кетейік, өткен аптада Нұр Сұлтанда Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өткізілді. Оған әр түрлі елдерден IT-шешімдер, цифрлық технологиялар және т.б. сала сарапшылары қатысты.