ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ

Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу

Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ
Уақыты: 03.06.2021
Оқылды: 1466 Печать страницы
Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу

Жастар – бұл егемен еліміздің мызғымас іргетасын қалауда ерекше серпін берер, ел болашағын уыстарында ұстаған толқын. Мемлекеттің қарышты дамуы, жалындап жануы тікелей жастардың дарын-дағдысымен, талап-талпынысымен сабақтасып жатыр.
      Тәуелсіздік құрдастары болып отырған кейінгі толқын өкілдерінің бүгінгі белсенділігі жаһандық бәсекелестіктегі бәсіміздің басым түсуіне түрткі болары да сөзсіз. Осы ретте ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  Балпық би ауылындағы М.Сеңгірбаев атындағы орталық саябақта, экономикалық-әлеуметтік дамуына әр сала бойынша елеулі үлес қосып жүрген жастармен кездесу өткізілді. Шараға: Көксу ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Қисметов, Көксу аудандық пробация бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Саят Жолдыбаев, Көксу ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Қуаныш Дүйсенбаев қатысып жастармен ашық сұхбат жүргізді, және шара соңында аудандақ кітапхана «Өркендеп нығая бер Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесін ұсынды.
Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету – әркімнің міндеті. Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның  жанды бейнесі. Оларды білім жолына салып, түзу бағыттан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу-білімнің тізгінін ұстату басты парыз деп білеміз. Өңіріміздің 30 жылдың ішіндегі даму даңғылына назар аударсақ талай жетістігі мен жеңісінің артында жаңа заман ұрпақтарының, егемендік құрдастарының қолтаңбасы тұрғанын аңғарамыз. Бұл – көксулық жастардың әлем кеңістігінде «Қазақстандық жастар» деген брендті қалыптастыруға атсалысып жатқандығының айқын дәлелі.

Берік Юсупбаев,
Көксу ауданы жастар
ресурстық орталығының
маманы.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.